2014 жылдың үздік спортшысы анықталды

2014 жылдың үздік спортшысы анықталды ДинамоҚР Мәдениет және спорт министрлігі «2014 жылдың үздік спортшысын» анықтады. Министрліктің ресми сайтында жарияланған байқауға жанкүйерлер интернет арқылы дауыс берді. Ал үздіктердің қатарына 2014 жылы түрлі халықаралық жарыстар мен әлем чемпионатында топ жарған 15 спортшы таңдап алынған.

Ең қуаныштысы, министрліктің даңдауына іліккен үздіктердің денін динамолық спортшылар құрап отыр. Олардың арасында екі дүркін Олимпиада және төрт дүркін әлем чемпиоаны Илья Ильин, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен, ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев, бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай, жеңіл атлетикадан Азия ойындарының жеңімпазы Ольга Сафронова және Лондон Олимпиадасының чемпионы Зүльфия Чиншанло бар. Тізімге енген өзге спортшылар да осал емес. Мәселен, Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Зарина Дияс, Владимир Седов, Жазира Жаппарқұл, Айбек Нұғыманов, Алексей Луценко және Мұхит Тұрсынов сынды спортшылар талай додада ел намысын биік деңгейге көтеріп жүрген саңлақтар. Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке құрмет көрсетуге лайық спортшылар. Алайда, қаңтар айының 15-не дейін жалғасқан дауыс беру қорытындысы бойынша, кәсіпқой бокстан WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы (72 келіге дейін) әлем чемпионы Геннадий Головкин «2014 жылдың үздік спортшысы» атанды. Оған сауалнамаға қатысқан жанкүйерлердің 44,93 пайызы дауыс берген. Ал әлемге белгілі мәнерлеп сырғанаушы, динамолық спортшы Денис Тен дауыс берушілердің 32,14 пайызын иеленіп, рейтинг бойынша екінші орынға жайғасты. Тағы бір динамолық зілтемірші, әлемде жеңіліп көрмеген спортшылардың тізіміне енген Илья Ильин үшінші орын иеленді. Оған 8,95 пайыз дауыс берілген. Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Әрине, өткен жыл динамолық спортшылар үшін табысқа толы жыл болды. Көптеген жарыстарда биік белестен көрінген олар, «Динамо» спорт қоғамының ғана емес, еліміздің мерейін асырып, қазақ халқын даңққа бөледі. Биылғы жылы да спорттың биік шыңын бағындырып, жеңістің төрінен көрініңіздер дейміз. Сонымен қатар, биыл «Дианмо» ДШСҚ-ның 90 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Осы 90 жыл ішінде «Динамо» спорт қоғамынан талай саңлақтар түлеп ұшты. Олар отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соның арқасында Қазақ елі соңғы 2014 жылғы Лондон Олипиадасында 12-ші орын иеленді. Енді келер жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан да зор үміт күтеміз!