ШҚО полицейлер үздіктерді анықтады

Өскемен қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде Шығыс Қазақстан облысы полицейлері арасында самбодан чемпионат өтті. Жыл сайынғы дәстүрге айналған біріншілікке облыстық ІІД, Семей және Өскемен қалаларының ІІБ, сондай-ақ аудандық бөлімдердің командалары қатысты.

Боз кілемдегі тартысты сайысқа дзюдо мен самбодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытбек Дуанов бастаған төрешілер қосыны әділ бағасын берді. Сегіз салмақ дәрежесінде жиналған 163 палуанның белдесуі үш күн бойы жүрді. Жарысты тамашалауға келген қолдаушылардың да қатары көп болды. Әсіресе жиналғандардың делебесін қоздырған 100 келіден жоғары салмақтағы белдесу болды. Ақтық кезеңге шыққан Семей қалалық ІІБ жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері полция капитаны Ербол Ризин мен ШҚО ІІД «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшенің қызметкері Асхат Елубаев белдесуге шыққан кезде, көпшілік соңы не болар екен деп күтумен болды. Алайда, қарсыласынан айласын асырып, өзінің шеберлігін көрсеткен полиция аға лейтенанты Аслан Елубаев жеңіске жетті.  фото с чемпионата по самбо среди сотрудников ОВД ВКО

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте ШҚО ІІД командасы бірінші орын алды. Өскемен қ. ІІБ және Тарбағатай аудандық ІІО командалары өз нәтижелеріне сәйкес екінші және үшінші орынға табан тіреді. Осы сайыста бақтары жанған спортшылар алдағы сәуір айында Қарағанды қаласында өтетін ҚР ІІМ чемпионатына қатысып, ШҚО намысын қорғайды. 

ШҚО ІІД баспасөз қызметі

Оскемен самбо2фото со всемирных игр полицейских и пожарных2 фото со всемирных игр полицейских и пожарныхОскемен самбо