Айнұр жарыс жолынан шығып қалды

aynur_taekvondo_no25Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Олимпиада ойындарында таэквондодан 49 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған динамолық спортшы Айнұр Есбергенова алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Жерлесіміз 1/8 финалда хорватиялық Люция Заниновичпен кездесу өткізген болатын. Өкінішке орай жерлесіміз 7:18 есебімен ұтылып қалды.  Айта кетейік, ендігі сәтте таэквондодан тағы бір динамолық ару  Жансель Денизге үміт артамыз.