Алға, Қазақстан!

Алматыда өтіп жатқан Универсиадада медальдар саны бойынша Қазақстан екінші орында, — деп Универсиаданың ресми сайты жария етті Бірінші орында Ресей спортшылары келеді. Олардың қоржынында 17 медаль бар, оның 8-і алтын, 7-еуі күміс, 2 қола. Екінші орында Қазақстан құрамасы. Ел спортшыларының еншісінде 8 медаль бар. Оның 2-еуі алтын, 2-еуі күміс, 4-еуі қола. Үшінші орында Қытай спортшылары. Көршілердің қоржынында 5 медаль бар. 2 алтын, 1 күміс, 2 қола. Айта кетейік, бүгін Қазақстан қоржынына биатлоншылар Алина Райкова мен фристайлшылар Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек алтын салған болатын.

Жаңа
Серіктестер
Видео