Главная » Жаңалықтар » Атыраудағы спорт додасы

Атыраудағы спорт додасы

dsc_0272Наурыз айының соңғы күні Атырау қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қазақ күресі (түйе палуан) және кір тасын көтеруден жарыс өткізілді. Барлығы 6 команда өкілдері сынға түскен сайыста Атырау облыстық ІІД ЖҚАЖ, АДБ, МКҚБ, ТЖД, Махамбет және  Жылыой АІІБ қызметкерлері өнер көрсетті.

Қазақ күресінен бақ сынауға келген спортшылар арасында ҚР-ның спорт шеберлері де болды. Тек қана 72 келіден жоғары салмақта боз кілем үстінде айқасқан спортшылар бір-бірімен тіресе күресіп, жақсы нәтиже көрсетті. Олардың қатарында Атырау dsc_0326облысы ІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Нұрболат Ыстыбаев пен Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Дулат Балимов бар. Белдескенің бәрін жыққан бұл балуандар тамаша өнерлерінің арқасында көрермендер ыстық ықыласын бөленді.

Кір тасын көтеру жарысында қатысушыларға 24 және 32 келі гир ұсынылды. Олар ереже бойынша 60, 70, 80, 90 және одан жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынады. Мұнда әр салмақ бойынша жеке-жеке жүлделі орындар сарапқа салынды.

dsc_0363-1Қорытындылай келсек, қазақ күресінен Нұрболат Ыстыбаевтың бағы жанса, екінші орынды Дулат Балимов иеленді. Ал, үшінші орын Ерік Қарабаевқа бұйырды. Осы жарыста әдемі әдіс көрсете білген Б. Бохатов пен Ж. Ізімов сынды  қызметкерлер арнайы грамотамен марапатталды.

Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Динамо» ДШСҚ Атырау облыстық филиалының атынан спорттық киімдер, грамота мен медаль табыс етілді.

x

Check Also

Ер есімі – ел есінде

Орал қаласында Орал гарнизонының әскери қызметкерлерінің арасында жыл сайынғы волейбол турнирі аяқталды. Шаһардағы 55/17 әскери ...