Ауыл спорты

 Қазақстандық «Динамо» спорт қоғамы қашанда еліміздің спортының дамуына бірінші кезекте мән береді. Бұл сөзімізді  спорт қоғамының «XXI ғасыр ауылы» бағдарламасы қуаттай алады. Осы уақытқа дейін «Динамо» ауыл балаларының ұлттық спорттың даму бағдарынан кеш қалмауы мақсатында бағдарлама аясында талай шаралар өткізді. Ауыл- ауылды аралап спортшыларымыздың жетістігін насихаттап, талантты балалар болса аңғаруға, байқап-бағамдауға тырысып бағып жүр.  Ал қазақ балаларының игілігіне жарайтын спорттық кешендер ашылып, арнайы алаңдар қолданысқа берілетін болыпты деген ақпар динамолықтарды  тіпті қуантады. Жақында редакциямызға осындай ақпарат түсті. Анықтағанымыздай жаңалық жалған емес. Елдің сүйікті спортшысы Жақсылық Үшкемпіров Алматы облысындағы Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылынан спорт сүйер  балаларға арнап кешен ашты. «XXI ғасыр ауылы» бағдарламасы негізінде ұққанымыз мұндай кешендердің ашылуы әрбір ауылдық балаларды арманына бір қадам жақындата түседі. Демек біздің спорт бір қадам дамыды дегенді білдірсе керек.  Бастамашыл азаматтар көп болса ел байрағы өзге мемлекеттерде әлі де желбіреуін тоқтатпақ емес. Тек әрбір қазақстандық спорттың еріккенің ермегі емес, мемлекеттік дәрежедегі саяси ұстаным екенін ұғынғаны абзал. Динамо қоғамы келесі жылы да ауылдық балалардың спорт тұрғысындағы мұң-мұқтажын зерделеуге дайын. «XXI ғасыр ауылы»  бағдарламасы жылдар өткен сайын ширап, өзіне ұқсас мақсаткерлерді қасына қосып, болашақ қазақ спортының кірпішін мықты етіп қалауды көздейді. Спорт саласына қадам басқан әрбір бүлдіршін біздің қуатты болашағымыздың кепілдіктері деп білеміз. Мұндай бағдарлама мемлкет көлемінде жүзеге асып, елімізде кенжелеп қалған спорт салаларына да мән берілсе, жақсы дамып жатқан саланың деңгейі одан ары арта  түссе деген тілек те бар. Әрине спорттық кешен ашу оңай шаруа емес. Десе де барлығы ниетке байланысты. Бастысы, әлемдік додада ел намысын қайрауға шыққан саңлақтар үшін ел-ана тақымын қысып жанкүйерлік танытқан.  Демек елге спорттық абыройдан өзге келешек тұрғысынан да ой қозғап, болашақ қамына бас қатыру да батырлардың ісі болса керек. Ел сүйіктісіне айналған спорт саңлақтарына үлгі болар шараның бірі деп біз Жамбыл ауданындағы кешеннің ашылуын бағамдадық.

Айнұр Төлеу

_DSC3211     _DSC3839

Жаңа
Серіктестер
Видео