Ауыр атлеттер елге оралды

147147860979162e3155015bf4dd0b5e58abc1d41e1baРио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында қола медаль иеленген Александр Зайчиков пен төртінші орынға жайғасқан Денис Уланов елге оралды.   Алматы әуежайына динамолық спортшыларды күтіп алуға халық көп жиналды. Туған-туыстары мен достары, жанкүйерлер ауыр атлеттерге лайықты қошемет көрсетті. Батыр ұлдарды күтіп алуға «Динамо» спорт қоғамының өкілдері де қатысып, Александр Зайчиковтың анасы Маргарита Викторовнаға гүл шоқтарын сыйлады. Айта кетейік, жүлдегер ұл 24 жасқа толған туған күнін ұшақтың ішінде қарсы алған болатын.a35ecc7d4140066efab3755de7adf252

Динамолық спортшының Рио төріндегі өнеріне тоқталсақ, 105 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 416 (223+193) келіні еңсерді. Александр Зайчиков жұлқа көтеруде үш мүмкіндігін де сәтті пайдаланды. Алдымен 185 келіні, одан кейін – 190, соңғы мүмкіндігінде 193 келіні басынан асырды. Серпе көтеруді Александр 223 келіден бастады. Одан кейін 227 келіні үшінші мүмкіндігінде көтергенмен, төрешілер есепке алмады. Нәтижесінде Александр Зайчиков Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ауырт атлетикадан ұлттық құраманың жалпы жетістігіне оралсақ, Алексей Нидің шәкірттері 2016 жылғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль иеленді.