Баландин Универсиада-2017 алауын алып жүреді

Cуға жүзуден Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, динамолық спортшы Дмитрий Баландин Алматы қаласында 2017 жылы өтетін қысқы Универсиадада алауды алып жүретін болды.  Бұл туралы 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алау эстафетасы дирекциясының менеджері Кирилл Пяртель хабарлады.

«Олимпиада қорытындысы жарияланғаннан кейін-ақ, ұйымдастырушылар комитеті ресми іріктеу байқауының басталуын күтпестен, Универсиада алауын алып жүру мәртебесін Дмитрий Баландинге беру туралы шешім қабылдады. Мұнда оның Алматыда туып-өскені, Алматыдағы ЖОО-да білім алып жатқаны да ескерілді», — деп түсіндірді дирекция.

Алау эстафетасына барша Қазақстаннан 1000 адам қатысады. «Алау ұстаушылардың 75% студенттер болмақ. Студенттер арасынан спорт, ғылым, мәдениет сынды өзін жан-жақты қырынан көрсетіп жүрген үздік студенттер таңдап алынады», — деді К. Пяртель.

2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алау эстафетасына қатысушыларды ресми іріктеу байқауы 2016 жылдың 1 қыркүйегінде басталады және 16 желтоқсан күні алау ұстаушылардың қорытынды тізімі жарияланады. Баландин бұл орынға конкурстан тыс тағайындалып отыр.

Айта кетейік, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында динамолық Дмитрий Баландин 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден атын медальді иеленді.