Баланың үмітін үкілеген спорт қоғамы

ДинамоМамыр айының 31-і күні Алматы қаласындағы «Динамо» стадионында «Динамо» ДШСҚ-ның ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Үміт бастаулары» атты балаларға арналған спорттық ойын-сауық шарасы өткізілді. «Динамо – Қазақстан балаларына. Жүректен – жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында қолға алынған мерекелік шараға балалар үйінің тәрбиеленушілері, құқық қорғау органдарының қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерінің Баланың үмітін үкілеген спорт қоғамыбалалары, жасөпірімдер ісі жөніндегі инспекцияда тізімде тұрған жеткіншектер, сонымен қатар арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Аталмыш мерекеге Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы қалалық ІІД қолдау білдіріп, жекелеген компаниялар демеушілік жасады.

Еліміздің түкпір-түкпіріндеЕліміздің түкпір-түкпірінде, нақтылай айтсақ, дәл осындай ұранмен еліміздің 14 облысы мен 4 қалалық орталығында дүбірлі мереке аталып өтілді. Айта кетсек, 90 жылдық тарихы бар «Динамо» спорт қоғамы әр кез балаларды назардан тыс қалдырған емес. «Жас динамошылар» қозғалысы жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілетін мұндай шарамен шектеліп қалмайды. «Динамо» спорт қоғамы аймақтағы филиалдарында жұмыс атқаратын түрлі секцияларға балалар мен жасөспірімдерді  тартып, боксоларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттап келеді. Шараның мақсатына тоқталсақ, бір кездері қарапайым бала болып, қазірде ұлы спортшыға айналған  Шәміл Серіков, Валерий Резанцев, Ермахан Ибраимов, Александр Винокуров, Бақтияр Артаев, Илья Ильин, Геннадий Головкин,  Данияр Елеусінов, Светлана Подобедова, Ольга Шишигина және басқа да Олимпиада, Әлем, Еуропа және Азия Ольга Шишигина және басқа да Олимпиадаойындарының чемпиондары атанған динамошылардың өмірін үлгі ете отырып, дене шынықтыру қоғамының спорт саласындағы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда алар орны ерекше екенін көрсету.

«Динамо» стадионын дүбірге бөлеген салтанатты мерекеге халық көп жиналды. Сәбилердің сыңғыры мен жеткіншектердің шат-шадыман көңіл-күйі салтанатты Динамо» стадионын дүбірге бөлегеншараның ажарын ашып, сәнін келтірді. Бұл ел болашағына бей-жай қарай алмайтын «Динамо» спорт қоғамының балғын балаларға деген қамқорлығының айқын көрінісі еді.

Спорттық ойын-сауық мерекенің басталар сәтінде Алматы сән және дизайн колледжінің студенттері арнайы флешмоб ұйымдастырып, стадионға келген қонақтар мен балаларға керемет сый жасады. Одан соң шараның ресми кезіне кезек беріліп, балалар мен жеткіншектерден құралған он шараның ресми кезіне кезек беріліпкоманда құрметті қонақтар алдында шеру жасап, стадионмен жүріп өтті. Салтанатты шеруді «Жас Динамо» жастар қозғалысының жетекшісі Нұрғиса Рахимов бастаса, «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының туын Роман Браун алып жүрді. Барша бала сап түзеп тұрғаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінді. Көк байрағымыз ортада желбіреп тұрған сәтте шеру жетекшісі Нұрғиса Рахимов «Динамо» ДШСҚ Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұловқа рапорт «Динамо» ДШСҚ Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұловқатапсырды.

Ал мерекеге жиналған қауымды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап өткен Асқар Әлірахымұлы ең әуелі ҚР Ішкі істер министрі, «Динамо» ДШСҚ Төрағасы, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың «Динамо» ДШСҚ Төрағасы, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың арнайы құттықтау хатын оқыпарнайы құттықтау хатын оқып, мерекені ашық деп жариялады. Министрдің құттықтау хатында: «Динамо» спорт қоғамы балалар үйінің тәрбиеленушілерін, құқық қорғау органдарының қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын, жасөпірімдер ісі жөніндегі инспекцияда тізімде тұрған жеткіншектерді ерекше назарда ұстап, оларға қамқорлығын аяған емес. Мәселен, біздің ұйым қазіргі таңда 28 балалар үйі мен мектеп-интернатқа қамқорлық жасап, қолдау білдіріп отырады» делінген. Сондай-ақ, «Динамо» ДШСҚ Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұловпен бірген сахнаға шыққан Алматы қалалық дене Мәселен, біздің ұйым қазіргі таңда 28 балалар үйі мен мектеп-интернатқа қамқорлық жасапшынықтыру және спорт қоғамының бастығы Наиль Нуров, Алматы қалалық Ішкі істер органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Сағынжан Асыл-кеней мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, ҰОС ардагері, отставкадағы полковник Леонид Гриш балғын балаларды Сондай-ақ, «Динамо» ДШСҚ Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұловпен бірген сахнаға шыққан Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт қоғамының бастығымерекесімен құттықтап, «Динамо» спорт қоғамының ел өмірінде атқарып отырған маңызды істеріне тоқталды. Айта кетейік, мерекені тамашалауға Республикалық спорт колледжінің директоры, қоғам қайраткері Амалбек Тшанов сынды тұлғалармен қатар, Олимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегерлері – Ермахан Ибраимов, Асхат Жіткеев, Сергей Беляев, Владимир Вохмянин, Елене Хрусталева, сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей Шабалин мен аңызға айналған спортшы Борис Чехлыстев қатысты. Мұндай спорт саңлақтарының балалар ортасынан Сондай-ақ, «Динамо» ДШСҚ Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұловпен бірген сахнаға шыққан Алматы табылуы жас жеткіншектердің үмітін үкілеп, арманын еселейтіні ақиқат. Содан болар, спорт саңлақтарын көрген балалар олармен естелік суретке түсіп, мәре-сәре күйге бөленіп жатты.

Балалар мерекелік шараның маңызды бөлігі саналатын «Көңілді старт» спорттық эстафета сайысына дайындалып жатқан сәтте «Жас динамо» балалар мен жасөспірімдер секциясы  көпшілікке түрлі спорт түрлерінен арнайы бағдарламасын ұсынады. Онда жиналған қауым бокс, қоян-қолтық ұрыс, дзюдо, грек-рим күресі, Амалбек Тшанов сынды тұлғалармен қатаракробатика, таэквондо, семсерлесу және футбол сынды спорт түрлерінен балалардың өнерлерін тамашалады.  Сонымен қатар, стадионның бір бөлігінде Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебі, АРТ Инвест білім беру орталығы, «Балбұлақ-Родник» қайырымдылық қоры және «Көшпенділер өркениетінің мұрасы» халықаралық қоғамдық қорының оқытушылары мен тәрбиленушілері сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерінің  тұңғиық әлемін паш етті. Арнайы мамандар қағаздан қалай жылан, ұшақ немес ойыншық жасауға болатынын, сонымен қатар, киіз, тері, саз балшық пен ағаштан істелетін Содан болар, спорт саңлақтарын көрген балалар олармен естелік суретке түсіп, мәре-сәре күйге бөленіп жаттыбұйымдардың қалай дайындалатынын көрсетіп, балаларға өз қолдарымен үйретті.

Сонымен, көпшілік асыға күткен эстафеталық жарыстың да кезегі келді. Сегіз кезеңнен тұратын сайысқа «Ұлан» (Алмалы ауданы), «Қыран» (№1 Облыстық балалар үйі), «Жеңіс» (Әуезов ауданы), «Алаш» (№1 Облыстық балалар үйі), «Қайсар» (№1 қалалық балалар үйі), «Сұңқар» (№1 қалалық балалар үйі), «Орел» (№1 қалалық балалар үйі), «Ақ-барыс» (№1 Облыстық балалар үйі), «Барыс» (Медеу ауданы) және «Жас қанат» (Түрксіб ауданы) командалары қатысты. Жарысқа динамолық Валентина Картавцева жетекшілік етіп, боксшы Ермахан Ибраимов төрешілік жасады. Тартысқа толы эстафетаның қорытындысы бойынша  «Ұлан» (Алмалы ауданы) Онда жиналған қауым бокс, қоян-қолтық ұрыс, дзюдо, грек-рим күресі, акробатика, таэквондо, семсерлесу және футбол сынды спорткомандасы бірінші орын иеленсе, «Қыран» (№1 Облыстық балалар үйі) командасы екінші, ал  «Жеңіс» (Әуезов ауданы) командасы үшінші орын алды. Жеңімпаздар мен мерекеге келген балаларға «Динамо» спорт қоғамы мен демеушілер – «Рахат» кондитерлік фабрикасы, «Беккер» компаниясы, «Базилик» асханасы, «Асу» және «Да-даточно-сочно» сауда белгісінің атынан түрлі сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, мереке барысында динамо спорт мектебінің тәрбиеленушісі Қарлығаш Әбдікәрімова жетекшілік ететін, әрі «Бозторғай» халықаралық Сонымен, көпшілік асыға күткен эстафеталық жарыстың да кезегі келдібалалар байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары әннен тарту тартып, биден шашу шашқанын ерекше айтып өткіміз келеді.

Әрине, балаларға арналған тарту мұнымен шектелмеді. Футбол алаңында авиамодель спортынан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Жас динамо» қозғалысының тәрбиеленушілері арнайы бағдарламасын көрсетті. Ең қызығы, ҚР ІІМ кинологиялық орталығының мамандары үйретілген иттермен түрлі көріністер көрсетіп, шараның салмағын Жеңімпаздар мен мерекеге келген балаларға «Динамо» спорт арттыра түсті. Онда арнайы бұйрыққа бағынған иттер қашқан қылмыскерді ұсытау, жарлығыш заттарды табу, иіспен іздеу секілді сындардан сүрінбей өтіп, барлық бұйрықты мүлтіксіз орындап шықты.

Бүгінгі бала – ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын болашағы. Ұлттың ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің бір сөзінде: «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Сондықтан ел боламыз десек, баланың болашағына бей-жай қарамауымыз керек. Осы қағиданы берік ұстанған «Динамо» спорт қоғамы балаларға арналған әлі талай игі істің бастамашысы болатынына сенімдіміз.