Главная » Жаңалықтар » Біздің мақтанышымыз

Біздің мақтанышымыз

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Күштер және құралдарды жедел басқару орталығының бастығы, азаматтық қорғау майоры Жандәулет Өндірей 2017 жылғы қысқы Дүниежүзілік Универсиада алауын алып жүретін жұлдызды қатысушылардың құрамына енді.

Еліміздің әр тұрғыны үшін спорттық сайыстарда алау алып жүру үлкен құрмет. Көптеген қала тұрғындары әлеуметтік желі арқылы Жандәулет Өндірейдің салауатты өмір салтын насихаттауын бақылайды. Түскі үзіліс кезінде ол өрт сөндіру қызметінің спорт залында шынығумен айналысады, кешке оны стадионның жүгіру немесе веложолдарынан табуға болады.

28-ші қаңтар күні 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада негізгі эстафетаның алау атрибутын көтеретін құрметін иеленген азаматтық қорғау майорына жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау тағы бір ынталандыру болып табылады. «Алауды алып жүретіндердің тізіміне енгенімді достарымнан естідім, тек көзіммен көрген кезде сендім», — дейді Жандәулет Өндірей.

Жандәулет Өндірей ондаған алтын медаль мен грамоталардың иегері. Оның соңғы жеңістерінің бірі ардагерлер арасында гір тасын көтеру спорты бойынша әлем Чемпионы атағын жеңіп алғаны. Спортпен айналысу шарттары жылдан-жылға жақсарып келеді деп санайды ол. Спортпен шұғылдану балаларды физикалық түрде дамытып, рухани дамуына мүмкіндік береді, командада жұмыс істеуге және жетістіктерге жетуге көмектеседі деп есептейді.

Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық

құтқару жұмыстары қызметі

x

Check Also

Атыраудағы спорт додасы

Наурыз айының соңғы күні Атырау қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қазақ күресі (түйе палуан) ...