Главная » Жаңалықтар » Біздің жеңімпаз!

Біздің жеңімпаз!

1БҚО ІІД ЖҚАЖ инспекторы Ерболат Байбатыров үстіміздегі жылдың  қараша айында Жапонияда өтетін әлем чемпионатына қатысу жолдамасын ұтып алды.

13-16 наурыз аралығында Талдықорған қаласында әйелдер мен ерлер арасында самбо күресінен республикалық ашық Чемпионат өткізілді.  Жарысқа 350 спортшы қатысты. Сайысты ұйымдастырушылардың айтуынша, біздің елде самбо күресі жақсы дамып қана қоймай, өз нәтижелерін беріп жүр. Былтырғы жылдың өзінде Әлем чемпионатында біздің  екі бірдей отандасымыз жоғары сынамалы медалдарды иемденді. Бұл турнирдің жеңімпаздары Қазақстан құрамасының құрамына кіріп, енді олар Монғолияда өтетін Азия чемпионаты мен Жопонияда өтетін әлем біріншілігінде елдің абыройын қорғайтын болады. Оның бірі – біздің БҚО ІІД ЖҚАЖ инспекторы 57 кг салмақ дәрежесіндегі  Қазақстан чемпионы Ерболат Байбатыров.

БҚО ІІД Баспасөз қызметі

 

x

Check Also

Атыраудағы спорт додасы

Наурыз айының соңғы күні Атырау қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қазақ күресі (түйе палуан) ...