Боксшылар Риоға толық құрамда барады

Ал Рио бәсекесі Абылайхан Жүсіпов, Олжас Сәттібаев, Василий Левит, Жәнібек Әлімханұлы және Берік Әбдірахманов үшін алғашқы қатысатын Олимпиада ойындары болып отырҚазақ бокс мектебінің тарихында еліміздің ерлер құрамасы екінші рет Олимпиада ойындарында толық құраммен өнер көрсетеді. Қытайдың Цяньан қаласында аяқталған Азия және мұхит аймақтарының іріктеу турнирінде Мырзағали Айтжанов шәкірттері 6 жолдама иеленіп, ұлттық құраманың қоржынындағы тізімді толықтырды. Бұған дейін 4 жолдама иеленіп үлгерген боксшыларымыз енді Бразилия төрінде 10 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды. Ең қуаныштысы, Риоға аттанатын 10 боксшының 8-і – «Динамо» спорт қоғамының өрендері. Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, 1996 жылы Атлантаға 8 боксшы, 2000 жылы Сиднейге 7 былғары қолғап шебері, 2004 жылы Афиныда – 8, 2008 жылы Пекинде – 10, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында 9 боксшымыз (ерлер командасы) шаршы алаңға шыққан болатын. Ал, Қытай еліндегі турнирде ерлер командасы 6 лицензияны олжаса, әйелдер командасынан динамолық Дариға Шәкімова (75 келі) Рио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Іріктеу жарасында бағы жанған динамолық спортшылар арасында  Олжас Сәттібаев (52 келі), АбылайханБоксшылар Риоға толық құрамда барады Жүсіпов (64 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) пен Иван Дычко (91 келіден жоғары) бар. Мұның алдында динамолық боксшы Данияр Елеусінов (69 келі) Дохада өткен әлем чемпионатында лицензия иеленсе, өзге динамолық спортшылар Василий Левит (90 келі)  WSB жобасы бойынша ел қоржынына жолдама салып берген еді. Сондай-ақ, динамолық Берік Әбдірахманов (60 келі) AIBA-ның Pro-Boxing жобасы бойынша жолдамаға қол жеткізді. Енді қыздар арасындағы жолдама барысына тоқталсақ, 52 және 60 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы қыздарымызға 19-27 мамырда Қазақ бокс мектебінің тарихында еліміздің ерлер құрамасы екінші рет Олимпиада ойындарында толық құраммен өнер көрсетедіАстана қаласында өтетін әлем чемпионатында лицензия алуға мүмкіндігі бар. Ұлттық Олимпиада комитетінің атқарушы директоры Серік Қасқабасовтың айтуынша, қазақ боксшылары Қытайда өткен турнирде 7 лицензияны жеңіп алып, әлемдегі бокс мектебі қалыптасқан ел екенін дәлелдеді. «Біз боксшылардың өнерін жіті бақыладық. Ұлттық құрама спортшылары өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып шығып, барлық жолдаманы иеленді. Бұл баға жетпес жетістік», — деп, боксшыларға сәттілік тіледі. Ал шәкірттерінің тарихи жеңісіне баға берген ұлттық құраманың бас бапкері МырзағалиҰлттық Олимпиада комитетінің атқарушы директоры Серік Қасқабасовтың айтуынша, қазақ боксшылары Қытайда өткен турнирде 7 лицензияны жеңіп алып, әлемдегі бокс мектебі қалыптасқан ел екенін дәлелдеді Айтжанов: «Біздің боксшылар үмітімізді ақтады. Жігіттер әр кездесуде барын салып қимылдады. Ендігі сәтте төрт жылда бір келетін Олимпиадаға дайындықты пысықтап, бар күш-жігерімізді саламыз. Әр боксшының жекелей дайындық жоспары болады. Өзге құрамалармен бірігіп жаттығу өткізуді және халықаралық турнирлерге қатысуды жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы боксшыларымыздың Олимпиадаға өз қалпын сақтап, тыңғылықты дайындықпен баруы үшін қажет», — деп атап өтті. Естеріңізге салсақ, Риоға бокстан ерлер арасында әзірге толық жолдама алған Қазақстан, Өзбекстан және Куба құрамасы. Сонымен қатар, динамолық спортшылар арасында Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко екінші рет олимпиадаға барғалы отыр. Ал Рио бәсекесі Абылайхан Жүсіпов, Олжас Сәттібаев, Василий Левит, Жәнібек Әлімханұлы және Берік Әбдірахманов үшін алғашқы қатысатын Олимпиада ойындары болып отыр.