Главная » Жаңалықтар

Жаңалықтар

Атыраудағы спорт додасы

Наурыз айының соңғы күні Атырау қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қазақ күресі (түйе палуан) және кір тасын көтеруден жарыс өткізілді. Барлығы 6 команда өкілдері сынға түскен сайыста Атырау облыстық ІІД ЖҚАЖ, АДБ, МКҚБ, ТЖД, Махамбет және  Жылыой АІІБ қызметкерлері өнер көрсетті. Қазақ күресінен бақ сынауға келген спортшылар арасында ҚР-ның спорт шеберлері де болды. Тек қана 72 келіден жоғары салмақта ...

Читать далее »

Ер есімі – ел есінде

Орал қаласында Орал гарнизонының әскери қызметкерлерінің арасында жыл сайынғы волейбол турнирі аяқталды. Шаһардағы 55/17 әскери бөлімінде өткен жарыс 1995 жылдың 7-ші сәуірінде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ҚР ІІМ ІӘ-нің 17 жауынгерін еске алуға арналды. Туған жер үшін опат болған боздақтарға қашанда құрметіміз шексіз. «Ер есімі – ел есінде» деп ардақтайтын халқымыз, «отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді. Осыдан тура 22 ...

Читать далее »

Харлампиев турнирінің жүлдегері

Батысқазақстандық полиция қызметкері самбо күресі бойынша «А. Харлампиев Мемориалы» әлем кубогінің жүлдегері атанды. Мәскеу қаласында әскери самбодан және самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында «А. Харлампиев Мемориалы» бойынша әлем кубогі өтті. Аталған халықаралық турнир самбо күресінің негізін қалаушы Анатолий Аркадьевич Харлампиевтің (1906-1979) құрметіне орай Мәскеу қаласында жыл сайын өткізіліп тұрады. Жарысқа әлемнің 29 елінен ең үздік 200-ге жуық самбошы қатысқан. ...

Читать далее »

Генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаев атындағы кубок

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәрімізге аян.  Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Сондықтан ата-бабаларымыз  ежелден «тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Әсілінде спортпен шұғылданған адам өмірдің мәнін, ғұмырдың сәнін жете түсінеді. Өйткені, «спорт –  тазалық кепілі» деген қанатты сөз бар. Осы бір сөзді Академияның басшылары, қызметкерлері және курсанттары күнделікті өмірлерінде басты назарда ұстайды. ...

Читать далее »

Самбо сайысы

Наурыздың 6-сы күні «Динамо» ДШСҚ Алматы облыстық филиалы мен Алматы облысы МКҚБ бірлесе отырып самбодан Алматы облысы МКҚБ бөлімшелерінің жеке құрамының арасында жарыс өткізді. Аталмыш шара Алматы облысы ІІД бөлімшелерінің жеке құрамының арасында полиция капитаны, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Е. Б.Ахметовты еске алуға арналатын дәстүрлі турнирге команда жинақтау мақсатында ұйымдастырылды. Облыстық ІІД спорт кешенінің әмбебап жекпе-жек залында өткен жарысқа ...

Читать далее »

Тағылымды шеберлік сабағы

Динамолық спортшы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Сметов Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының спорт кешенінде студент жастар ортасында шеберлік сабағын өткізді. Аталмыш оқу орнының Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асанның айтуынша, ТарМПИ-дың 50 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шараға күреске қызығушылық танытып жүрген оқу орнының студенттері қатысқан. «Татами төрінде  шашасына шаң жұқпаған балуан волейбол, тренажер және бокс залдарында ...

Читать далее »

Ұлттық спорт түрлері

Наурыз мерекесі – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Күн мен түн теңеліп, жер-көкке жан бітіп, адамзат мәре-сәре күй кешеді. Осынау меркеге орай Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының алаңында полиция қызметкерлері арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Жарыстың басты мақсаты – полиция  қызметкерлері  арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып  спорттық ...

Читать далее »

Жас динамошылар жеңісі

Наурыздың 15-17 аралығында Жамбыл облысында дзюдодан 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен қыздар арасында республикалық турнир өткен болатын. Оған еліміздің 12 облысынан 300-ге жуық жас спортшылар келді. Байрақты бәсекеде атой салып, Оңтүстік Қазақтан облысының қорғаған динамошылар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқара білді. Мәселен, 60 келі салмақта татамиге шыққан Нұрдәулет Ділдәбеков тартысты кездеуслердің нәтижесінде күмістен алқа тағынды. Сондай-ақ, 60 келіде белдескен ...

Читать далее »

Ұлттық ұландағы біріншілік

Өскеменде қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның біріншілігі өтті. Оған келген қатысшуыларға қойылған өте қатты болды. Шеберлігі шыңдалған әр спортшы пневматикалық қарудан 5 нысананы дәл көздеп, 20 рет кермеге тартылып және 10 шақырымға шаңғымен жүгіруі тиіс еді. Қысқы Президенттік көпсайыстың сарбаздарға берері мол. Ептілігі мен дәлдігі қабысқан қабысқан оларды алда халықаралық жарыстар күтіп тұр. Тіпті, әдетте бұл сайыстың чемпиондары ...

Читать далее »

Олимпиада үміттері

Жақында Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде бокстан «Динамо» спорт қоғамы Орталық кеңесінің республикалық турнирі өтті. Дүбірлі додада 2001-2002, 2006-2007 ж. ж. жасөспірімдер мен 1999-2001 ж.ж. қыздар сынға түсті. «Олимпиада үміттері – 2020» атты ұранмен өткізілген сынға 92 жас былғары қолғап шебері қатысқан. «Динамо» ДШСҚ-ның аға бапкері Рахымжан Сыдықовтың айтуынша, бұл бәсекенің аясында алдағы сәуір айында ...

Читать далее »