Дәстүрге айналған «Алматы туры»

Дәстүрге айналған

Қазан айының басында Алатау бөктеріндегі әсем шаһар Алматыда «Алматы туры» ІІ Халықаралық бір күндік веложарыс өтті. Дәстүрге айналған сайыста әлемдік деңгейде бақ сынап жүрген 20 команда өнер көрсетті. Олардың қатарында «Bardіane Valvole», «CCC Polsat», «Synergy Baku Cyclіng Project» мен бес ұлттық құрама – Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Молдова және Румыния бар.

Елімізде мұндай бәсекенің жалауы көтеріліп, әлемдік деңгейдегі велошабандоздардың бас қосуы – біз үшін үлкен жетістік. Тіпті, өз кезегінде сөз алған Велосипедшілердің Халақыралық одағының тас жол бойынша комиссиясының президенті Том Ван Дамм «Алматы турының» жақсы ұйымдастырылғанын айта келіп: «Біз қазір Қазақстанға жылдам қарқынмен дамып келе жатқан велоспорт державасы ретінде қарайтын болдық. Әсіресе ірі халықаралық жарысты өткізуде аса жоғары біліктілік көрсете білген ұйымдас¬тырушылардың еңбегі зор болғанын баса айтқым келеді. Халықаралық велоспорт федерациясы үшін бұл спорттың жағырафиясын кеңейте түсу өте маңызды. Қазақстан бұл күнде аталмыш спортты дамыту бағытында едәуір жетістікке жеткен ел ретінде әлемге танылып келе жатыр» деді.

«Алматы туры» жарысында 31 шақырым қашықтықты 6 мәрте айналып өткен спортшылар, жалпы ұзақтығы 186 шақырымды артқа тастап, мәреге бірінші жетуге тырысты. Сандаған велошабандоздардың ішінен оқ бойы оза шығып, ешкімге дес бермеген «Astana Pro Team» командасының спортшысы, динамолАлматы турыық велошабандоз Алексей Луценко бірінші орынды жеңіп алды. Айта кетейік, динамолық спортшы Алексей Луценко жақында ғана өткен Азия ойындарында да чемпион атанып, ел мерейін асырған еді. Жеңіс тұғырына көтерілген ол: «Мен бұл бәсекеге тактикалық тұрғыдан тыңғылықты дайындалдым. Соңғы екі айналымға дейін мен әдейі В.Нибалидің көлеңкесінде – аса артылып көзге түспей, бірақ, көш басындағылардан да қалып кетпей, өкшелеп жүріп отырдым. Мәреге жақындай бастағанда, әу баста келісіп алғанымыздай, Винченцо ту сыртындағы мені алға өткізіп жіберді. Топ басындағылармен қатарласқан соң мен тізгінді еркін қоя беріп, заулай түстім. Әрине, «Katusһa» командасының да жігіттері соңғы сәтке дейін тырысып бақты, бірақ, ақырында мен озып шықтым» деп атап өтті.

Динамо20 команда өнер көрсетті