Данияр Елеусінов – Олимпиада чемпионы!

20160818084035Бокстан ұлттық құрама капитаны, динамолық спортшы Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасынның чемпионы атанды. Ақтық сында шаршы алаңда атой салған жерлесіміз ел құрамасы қоржынына алтын медаль салып берді.

69 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз финалда өзбек боксшысы Шахрам Гиясовпен кездесіп, басым түсті. Үш раундта да қазақ боксшысы қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Даниярға берді. Қорытынды есеп – 3:0 (29-28, 29-28, 29-28). Кездесу жерлесіміздің пайдасына шешілді.dsc_4660

Айта кетсек, Данияр алғашқы кездесуін ұлыбританиялық боксшы Джош Келлиге қарсы өткізіп, айқын басымдықпен жеңген болатын. Ширек финалда ол венесуэлалық Габриэль Маэстроны тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. Финалға шығар жолда француз Сулейман Сиссокомен қолғап түйістіріп, жарақатына қарамастан жеңімпаз атанды.

c0e0c30ebe3084d1a3d3e7d2ea39efe1Биылғы жылы бокстан ерлер құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына толық құрамда барған еді. Әзірге бокшыларымыздың еншісінде бір күміс жүлде бар. Яғни, бұған дейін  91 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған динамолық боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған болатын.  Сонымен қатар, тағы екі бірдей динамолық былғары қолғап шебері ел қоржынына медаль салады деп күтіп отырмыз. Әділбек Ниязымбетов Олимпиада алтыны үшін таласқа түссе, Иван Дычко жартылай финалда өнер көрсетеді.