Главная » Жаңалықтар » “Динамо” ДШСҚ Қызылорда облыстық бөлімшесі

“Динамо” ДШСҚ Қызылорда облыстық бөлімшесі

Бөлімше «Динамоның» орталық кеңесі секілді еліміздегі спортты дамытуды мақсат тұтады. Облыстық кеңесті қалыптастыруға үлес қосқан поициянаның генерал майоры Есен Демесинов, полиция полковнигі Алимхан Абжанов, полиции полковнигі Бактыбаев Жанарбек, Қызылдора бөлімшесніңі басшысы Миралиев Куандык Шыныбекұлдарының үлесі көп.
Жазғы спорттық шараларды өткізудің ретін табуға болады, ал қыста спорт кешендерін жалдауға тура келеді.

Спорт кешендері

Енді бөлімшенің спорт кешендеріне тоқтала кетейік. «Динамоның» ҚБ спорт кешеніне кіші футбол алаңы, волейбол мен баскетбол және үлкен тенис алаңы енеді. 25 метрлік тирдің бар екенін айта кетейік. Футбол алаңы жасанды шөппен көмкерілген. Ал 2004 жылы ғимаратқа кешенді күрделі жөндеу жүргізілді. Бірінші қабатта заманауй жаттықтыру аппараттары бар жаттықтыру бөлмесі орналасқан.
Қызметтік мінездеме сәйкес ІІМ мен ІІД қызметкерлері өз нормативтерін осы жерде тапсырып отырады.
Ұрысқа дайындық мақсатында 2006 жылы 25 метрлік Тир қолданысқа берлді. Ұрыс дайындығы үшін бүгінде ІІД қызметкерлері апта сайын теориялық және практикалық білімдерін шыңдап отырады.
4 ұрпақ жетістігі деп есептелетін 2010 жылы екі жаздық алаң салынды. Демек жылдың жылы мезеттерінде ІІД қызметкерлері түрлі спорттық шараларды ұйымдастыруға мүмкіндіктері бар. Қызметкерлер жаттыға түсуі үшін алаңға түнгі жарық та орнатылған. Сондықтан жұмыстан кейін, бос уақыттарын спортқа арнауға, нормативті дұрыс тапсыруға толық мүмкіндіктері бар.
Құқық қорғау органдарының «Динамоның» спорт кешенін қолдануға мүмкіндігі мен құқықтары бар. Қызылорда облысының ІІД мен қалалық ІІБ және «Күзет», Қаржы полициясы, жол -қатына ІІБ, Көші-қон полициясы, Жаңақорған, Шиелі, Қармақшы, Арал өңірлерінің құқық қорғау орган қызметкерлері «Динамоның» Қызылорда облысытқ бөлімшесімен бірлесе, ұжымдық мақсаттарды атқарады.
Өңірдегі спорттқы шаралар облыс және қалалық спорт басқармаларымен бірлесіп жүзеге асырылады. «Динамо» ішінен спорттық-патриоттық клуб ашлыған. Клубтың 42 мүшесі бар.
Динамолықтар өз мүшелерін қашанда, қай уақытта да шеттетпейтінін білесіздер. Қызмет бабында жүріп ерлікпен қаза тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алып, олардың отбасына қамқорлық көрсету шаралары да жүзеге асырлып тұрады.
Сонымен қатар Қызметтік спорттық бағытқа негізделген күрестер арасында Республикалық дәрежеде жеңімпаздар да анықталынып тұрады. Балалар біздің болашағымыз. Болашақ спортшылардың жаңа легін қалыптастыруда «Динамоның» атқарып жатқан жұмыстарын елдегі мықты спортшылардың өзі де мойындайтыны сөзсіз. Сондықтан аптасына үш рет есігін жас футболшыларға айқара ашатын секциямыз бар. Секцияны бапкер Қылышбек Досов жүргізеді. Кіші футболға бөлімшеде 67 бала қатысып жүр. 6 мен 18 жас аралығындағыларға арналған таеквондо секциясы жұмыс жасап тұр. Бұл секцияны Самат Шаудырбаев жүргізеді. Аптасына үш рет өткізілетін сабаққа 32 бала қатысады.
Біздің мақтаныштар
Қызылорда топырағының таланттарға кенде еместігін айта кеткен жөн. Бұл күнде спорт саласында топжарған таланттар есімін әлем мойындаған. Олар; ауыр атлетшілер: Илья Ильин, Куаныш Рахатов, Роман Русяновский және басқалар.
Қызылорда өңірі үшін алғашқы алтынды Илья Ильин алып берді.
Ауыр атлетші Александр Зайчиковтың да орны бөлекше. Ол Астанада Азиа чемпионатын жеңіп алды.
Қоян қолтық күрестің майталмандары: Ермек Таумаханов пен Канат Баглановтың да орны біз үшін айырықша. Мұндай мысалдың қатарына динамошылар Қайрат Жалғасбаев пен Жасұлан Досымов та кіреді..
Қайрата Жалғасбаева – Қазақстан чемпинатында үш алтынды олжалаған. Облыстық «Алтын белбеу» сыйлығының иегері.
Жасулан Досымов — ҚР мастер спорт шебері. Қазақша күресті де еркін меңгергеріп, жетістіктерге жеткен.

Здания Динамо 2013 год 235        Здания Динамо 2013 год 243 Здания Динамо 2013 год 244 Здания Динамо 2013 год 256

x

Check Also

Атыраудағы спорт додасы

Наурыз айының соңғы күні Атырау қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қазақ күресі (түйе палуан) ...