«Динамо» ДШСҚ Ақмола облыстық бөлімшесі

вид снаружи Белик андреев1место андрее грабовецк.Бөлімшенің құрылу мақсатын «Динамо» қоғамының құрылу мақсатынан ажыратып қарау мүмкін емес. Демек бұл бөлімше де құқық қорғау органдарының дене даярлығын қалыптастырып, жас ұрпақты елжандылық пен Отан сүйгіштікке тәлімдеу мақсатында құрылған. 1976 жылдан бастап бүгінге дейін біздегі «Динамо» ДШСҚ облыстың кеңесі Көкшетау қаласындағы Сатабаев-149 көшесінде орналасқан. Өткен шаққа көз жүгіртетін болсақ «Динамо» қоғамы мықты спортшыларға қанат бітіргендігіне көз жеткізнр едік. Мәселен Панахов Джаметдин (1954ж)- ауыр атлетика бойынша; Тонуров Олег(1961ж)ауыр атлетика; Копытос Сергей(1965ж) ауыр атлетика;Белик Алексанр(1958ж) шаңғы тебу, ол «Динамо» құрама командасынан; Пропп Яков(1960ж) «Динамо» құрама командасының мүшесі, шаңғы тебуден қатысқан, Пантов Дмитрий (1969ж) Олимпиада ойындарына қатысушы, биотлон бойынша; Позняков Дмитрий (1972ж) 1998 ж Олимпиада ойынына қатысушы, биотлон бойынша;Грабовецкая Мария (1987ж) 2008 жылғы Пекин Олимпиадасының ауыр атлетика бойынша қола жүлдегері; Некрасова Ирина (1988ж) ауыр атлетика бойынша Бежін Олимпиадасының күміс жүлдегері; Дубровский Павел (1982ж) жеңіл атлетика бойынша Азиа ойындарының күміс жүлдегері; Червяков Александр (1980) биотлон бойынша Азиа ойындарының төрт мәрте чемпионы; Сүлейменов Алмас (1985) самбо күресі бойынша; Дубицкий Павел (1982ж) жеңіл атлетика бойынша; Жамалов Нұрлан самбо күресі бойынша; Қалиева Роза Қоян-қолтық күрес; Нұрмахамбетова Анна және т.б көптеген спорттық жетістіктерді бағындырған спортшылар бар. Әрине бұл жетістіктің барлығы бапкерлердің қалтқысыз еңбегінің нәтижесі.
Ендеше бапкерлер құрамы туралы айта кетейік.
Пак Владимир Юнтангиев (1939-1994 жж) ауыр атлетикадан Қазақ КСР еңбек сіңірген бапкері, «Динамо» ОК жүрген жылдарында әлем рекордын жаңарқан Капытова С, Панахова Д Алексеева В және 30-дан астам спорт шеберлерін дайындап шықты. Чурбаков Виктор Владимирович(1948ж) ҚР биотлон бойынша еңбек сіңіген бапкері; Оздоев Батырбек(1970) ҚР ауыр атлетика бойынша еңбек сіңірген бапкері, Бежін олимпиадасында қола медалді иеленген Гобовецкийдің бапкері; Шевченко Сергей жоғарғы санатты ҚР еңбек сіңірген бапкері, 2008 жылы қола медал иеленген Олимпиада ойыншысы Некрасованың баптаушысы. Габдулкафеев Фарид Жоватович(1951ж) КССР спорт шебері, «Динамо» жеңімпазы, Облысық бас бапкер, «Динамодағы» көптеген спорт шеберлерінің ұстазы.
Әрине жетістікпен мақану қашан да оңай, алайда «Динамо» үшін жаны ауыратын жандар болмағанда жетістік те алыста болар еді, әр жылдарда бөлімше басшылығында отырғандарға да көз жүгірте отырыңыз.
Тодаров Виктор Андреевич(1942ж) Бокс бойынша КСР Спорт шебері, «Динамо» ОК орынбасары 1971-1975 жж; Гагаринов Владимир ПавловичБокс бойынша КСР Спорт шебері, «Динамо» ОК орынбасары 1975 пен 1990 ж; Плакущий Василий Николаевич (1953) Бокс бойынша КСР Спорт шебері, құрама команда мүшесі, «Динамо» облыстық кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары 1990 жылдан 2000 ж аралығында басқарды, Джусупов Мерке Ертайұлы (1970) бокс бойынша спорт шебері «Динамо» ДШСҚ бірінші орынбасары ретінде 2000-2003 жылдар аралығында қызмет атқарды. Буркеев Виктор Семенович КСР Спорт шебері, 2003 жылдан бастап бүгінге дейін басшылықта.
«Динамо» ДШСҚ құқық қорғау органдарына қол ұшын созып, дене даярлығына қатысты шаралар өткізіп, жастарды дене шынықтыруға баулу, балаларды спортқа құштар етіп қалыптастыру, спортшылар үшін арнайы спорт сайыстарын ұйымдастыру сыңайлы шараларды өткізіп тұруды бұрыннан мақсат еткен. Бүгінде ол мақсаттан бір ауық ауытқыған жоқ. Қоғам спортқа негізделген ұрпақ тәрбиелеп, Отанды сүйетін жастарды тәрбиелейді. «Динамомен» бір мақсатта болайық!

панахав панах некрасова капытов панахов Пропп со своими тренерами в  Динамо холл