«Динамо» спорт қоғамының балалар күніне арналған дәстүрлі мерекелік шарасы өтуде

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  «Динамо — Қазақстан бүлдіршіндеріне» атты қайырымдылық шарасы  өтіп жатыр.

«Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы дәстүрлі бұл шараны Алматыда қалалық ішкі істер департаментімен бірлесіп ұйымдастырып  отыр. Ондағы басты мақсат — балаларға қуаныш сыйлап, қамқорлық көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу. Бұл жолы  Алматы қалалық және Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері, 5571 әскери бөлімшесі қызметкерлерінің, ауған соғысы ардагерлерінің, қаза тапқан ішкі істер органдарының балалары және жағдайы төмен отбасыдан шыққан жеткіншектер қатысуда.  Олар   түрлі спорттық жарыстар өткізіп, арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны  тамашалайды.

Ерлік Ержанұлы, 31 мамыр, ҚазАқпарат