Динамолық спортшылар қайырымдылық марафонға қатысты

Рио-де-Жанейро және Лондон Олимпиадаларының жүлдегерлері  әрі динамолық спортшылар «Астана марафон-2016» қайырымдылық шарасына қатысты.

21 шақырымдылық қашықтыққа жүгіруден ҚР Премьер министрі Кәрім Мәсімов пен өзге де саясаткерлер, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары Серік Сәпиев, Александр Винокуров және Данияр Елеусінов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Василий Левит, Гюзель Манюрова мен Елдос Сметов қатысты. Қашықтықты сәтті еңсерген спортшылар қатысушылармен естелік суреттерге түсіп, қолтаңбаларын таратты.