Динамолықтардың алғашқы медалі

Қазақстандық шаңғышы, динамолық Анна Шевченко 5 шақырымға жекелей жарыста қола медальды қанжығаға байлады. Алғашқы екі орынды ресейлік Лилия Васильева мен Анна Нечаевская қоржынына байлады. Жарыс барысында ресейлік Аннадан 5 секундқа қалып келе жатқан. Бірақ, соңына қарай жеңісті жұлып ала алды. Қазақстандық шаңғышы екінші келген Анна Нечаевскийден 2 секунд қалып, қола медальды қанағат тұтты.