Динамолық дзюдошылардың жеңісі

Динамолық дзюдошылардың жеңісіСәуір айының ортасында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Сары құрлықтағы сайдың тасындай спортшылар жиналған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, жанкүйерлердің үмітін ақтады. Дзюдошыларымыз үш алтын, екі күміс және төрт қола медаль еншілесе, сол олжа салған саңлақтардың барлығы динамолық спортшылар екенін мақтанышпен айта аламыз. 

Ташкент татамиінде белдескен балуандар арасына ел құрамасының таңдаулы өкілдері үкілеп қосылған болатын. Олардың ішінде 2015 жылғы әлем чемпионы Елдос Сметов, 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков, 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рүстем Ыбыраев және биылғы әлемдік «Grand Prix» және «Grand Slam» сындарының барлығында жүлдеге ие болған Галбадрах Отгонцецег бар.

Биылғы Азия чемпионатының алғашқы күні қазақстандықТашкент татамиінде белдескен балуандар арасына ел құрамасының таңдаулы өкілдері үкілеп қосылған болатын спортшылар үшін сәтті басталды. Бұл күні 6 салмақ бойынша 10 спортшымыз татамиге шығып, ел намысын қорғады. Қарсыластарын қоғадай жапырған жерлестеріміз алғашы күні-ақ үш алтын, бір күміс және бір қола медальді қанжығаларына байлады. Осы ретте ақтық сында ақырына дейін қарсыласының қапысын аңдып, осал тұсын тапқан Елдос Сметовтың ерлігін ерекше айтып өткеніміз жөн. Әлем чемпионы әрі Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан көп үміт күттіріп отырған жерлесіміз 60 келі салмақта барлық қарсыласын қапы қалдырды. Алғашқы белдесуінде вьетнамдық Нхат Тсонгты, одан кейін кореялық Ким Чнг Ионгты  жеңіп кетті. Жартылай сында жапониялық Юма Ошимамен кездесіп, айласын асырды. Осылайша финалға жеткен динамолық спортшы Елдос Сметов ақтық кезеңде өзбекстандық спортшы, татами иесі Диорбек Урозбаевпен жолықты. Қай кезде де өз жанкүйерлерінің қолдауына арқа сүйейтін жарыс иесінің мысы басым түсетіні анық. Диорбекке де сайысты тамашалауға келген жанкүйерлер қолдау білдіріп, спортшыларын арқаландырып отырды. Әрі жерлесеміз бұл кездесуде үш ескерту бойынша ұтылып жатқан еді. Дегенмен кездесудің соңғы сәттерінде, финал аяқталуға 20 секунд қалған кезде Елдос Сметов қарсыласын қолды ауырту әдісі арқылы иппонмен ұтты. Осылайша Азия чемпионы атанды. Бұған дейін, нақтырақ айтсақ 2013 жылы Бангкогтағы Азия біріншілігінде қола жүлдесін иеленген ол 2015 жылы Инчхондағы Азия ойындарында чемпион атанған болатын. Ерлер арасындағы өзге дзюдошыларымыз арасында 73 келі салмақтағы Дидар Хамза күміс медаль еншіледі. Ол жерлесі Дастан Үкібаевпен жартылай финалда кездесіп, басым түсті. Айлайда, финалда жапон дзюдошысынан ұтылып қалды. Ал Дастан Үкібаев қолаға таласта өзбек Мирали Шариповтен жеңілді. 66 келі салмақтағы Елдос Жұмақанов болса, қола медальді қанағат тұтты. Ол алғашқы белдесуінде өзбек спортшысын жеңгенімен, келесі айналымда моңғолиялық Алтансуг Довдонға есе жіберді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде ирактық дзюдошыны жеңген жерлесіміз қолаға талас жолындағы кездесуде тайпейлік спортшыны бұйым құрлы көрмей, үшінші орын иеленді. Рустам Ибраев пен Дастан Ықыбаев бесінші орыннан әрі аса алмады. Сондай-ақ, бұл күні еліміздің әйелдер құрамасы ерлеп, қатарынан екі бірдей қызымыз финалға жолдама алды. Ақтық сында ел намысын қолдан бермеген  Галбадрах Отгонцецег (48 келі) пен Мариан Ордабаева (63 келі) алтыннан алқа тағынды. Галбадрах Отгонцецег ирандық Азарпеиванды, кейін командаласы Александра Подрядованы, одан соң жапон Фуна Тонакиді жеңді. Азия біріншілігінің екінші күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 4 медальмен толықтыФиналда моңғолиялық Мункбат Уранцэцэгтен  бір ұпаймен айласын асырды. Айта кетейік, ол Азия чемпионатындағы алғашқы алтынын иеленіп отыр. Ал финалға дейін ирандық Доня Ашаниді, моңғолиялық Валдорж Мунгуншимегті, қытайлық Янгды жеңген Мариан Ордабаеваның соңғы кездесуінде жапониялық Мегуми Цуганимен жолы түйісті. Қарсыласын иппонмен жеңіп, Азия чемпионы атанған жерлесіміз ел мерейін асырды.

Азия біріншілігінің екінші күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 4 медальмен толықты. Қола жүлдені Әзиз Қалқаманұлы, Максим Раков пен Ержан Шынкеев қанжығасына байласа, Гүлжан Исанова күмісті ұтып алды.

Командалар арасындағы жарыста жеребе нәтижесі бойынша ел құрамасының бірінші айналымда қарсыласы болмады. Екінші айналымда қазақ жігіттері сириялықтардан басым түсті (5:0). Жартылай финалда балуандарымыз татами иелеріне есе жіберіп, үшінші орын үшін таласта  қытайлықтармен шықты. Нәтижесінде 4:1 есебімен жеңіскеСәуір айының ортасында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті жетіп, қола жүлдегер атанды. Ал, қыздар құрамасында да алғашқы айналымда қарсыласы болмады. Келесі айналымда қыздарымыз Иран (5:0) спортшыларын жеңіп, жапондықтардан ұтылды (1:4). Үшінші орын үшін өзбек дзюдошыларымен кездескен қыздарымыз  3:2 есебімен жеңіп кетті.

Дзюдо бойынша Азия чемпионатының тарихында Қазақстан құрамасы алғаш рет 11 медальға жеткізіп отыр, сондай-ақ, осымен екінші рет үш алтын медаль олжалады. Мұндай нәтижеге ел құрамасы осыдан 12 жыл бұрын қол жеткізген болатын. Енді ел құрамасы 6 мамыр күні Әзірбайжан астанасы Бакуде өтетін «Grand Slam» турниріне қатысады. Онда Қазақстан құрамасынан тоғыз спортшы ел намысын қорғамақ. Ерлер арасында:  Азамат Мұқанов (66 келі), Елдос Жұмаханов (66 келі), Дастан Ықыбаев (73 келі), Дидар Хамза (73 келі), Азиз Қалқаманұлы (81 келі), Дәулетхан Жақыпов (81 келі),  Самат Есен (90 келі), Ержан Шынкеев (100 келі). Қыздар арасында: Отгонцецег Галбадрах (48 келі).