Эльмира Сыздықова – қола жүлдегер!

20160818105839Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында әйелдер күресінен  динамолық Эльмира Сыздықова қола медаль жеңіп алды. Қазақ балуаны 20160818110049қола медаль үшін күресте мысырлық Энас Мостафаны 7:4 есебімен ұтып, Қазақстан қоржынына алтыншы қола медаль алып берді. Естеріңізге сала кетейік, Сыздықова осыған дейін жұбаныш белдесуінің бірінші кезеңіне моңғолиялық Очирбатын Насанбурмааны 3:1 есебімен ұтқан болатын.