Генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаев атындағы кубок

04_02_1Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәрімізге аян.  Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Сондықтан ата-бабаларымыз  ежелден «тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Әсілінде спортпен шұғылданған адам өмірдің мәнін, ғұмырдың сәнін жете түсінеді. Өйткені, «спорт –  тазалық кепілі» деген қанатты сөз бар. Осы бір сөзді Академияның басшылары, қызметкерлері және курсанттары күнделікті өмірлерінде басты назарда ұстайды.

Сөзіміздің дәлелі ретінде айтсам, Академия қабырғасында сенбі, жексенбі күндері әрдайым спорттың түр-түрінен жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Бұл шара Академияның дәстүріне айналған міндет десем, артық айтқандық болмас еді.

Жақында ғана Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт кешенінде Қазақстан полициясының 25 жылдығын мерекелеуге орай, алғаш рет республикалық деңгейде ҚР құқық қорғау органдары ведомстволық оқу орындары арасында самбо күресінен және жауынгерлік самбодан генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевты еске алу кубогі өтті. Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшіліктің есінде қаларлықтай сәттерге толы болды. Академияның бастамасымен қолға алынған турнир Ішкі істер министрлігінің және Қостанай облыстық және қалалық спорт басқармасының, одан қалды, Қазақстан Республикасы Самбо күресі федерациясының және Қазақстан Республикасы «Динамо» ДШСҚ ҚБ-нің қолдауымен 04_02_2ұйымдастырылды.

Сайыстың ашылу салтанатында Академия бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов тебіренте сөз сөйлеп, Шырақбек атамыз туралы естелік сөздер айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзін: «Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушы спортшылар! Біз бүгін Академиямызда Қазақстан Полициясының 25 жылдығы қарсаңында Генерал-лейненант Шырақбек Қабылбаевты еске алу үшін жарыс ұйымдастырып отырмыз. Алғаш рет жалауы көтерілген бұл жарыстың болашақта ішкі істер органдарында қызмет ететін сіздер секілді болашақ офицерлерге тигізер пайдасы зор. Себебі, қылмыскерлерді ұстау кезінде қайсар мінездеріңізбен қоса, спорттық машықтарыңыз ауадай қажет екенін жақсы білесіздер.  Сондықтан бүгінгі самбо және жауынгерлік самбо күресі осының айғақ-04_02_3дәлелі есебінде қолға алындыСіздерге тілерім, бүгінгі жарыста қазақтан шыққан тұңғыш генерел-лейтенант Шырақбек Қабылбаев аталарыңыздың аруағы қолдап, жеңіске жете беріңіздер. Жалпы өткізіліп отырған жарыстың мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары стратегиялық даму бағдарламасын, 2020 жылға қарай стратегиялық мақсаттарды салауатты өмір салтын қалыптастыру идеологиясы негізінде жүзеге асыру және Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Шырақбек Қабылбайұлының ерлігін, еңбегін жас ұрпаққа дәріптеу, сондай-ақ Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру және отанға деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеуде самбо күресінің алатын орынын көрсету болатын», — деп түйіндеді.

Турнир барысында Академия басшылығының алға қойған мақсатының орындалғанын өз көзімізбен көріп, көкірегімізбен түйсіндік. Өйткені, жарысқа келген  балуандар бір-біріне дес бермей, әр команданың намысын қорғап, жақсы күрес көрсете білді. Ал, аталмыш бәсекеге республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 12 команданың 100-ден астам спортшылары қатысты. Олар негізінен екі топқа бөлініп бақ сынады. Мәселен, бірінші топқа еліміздегі ҚР ІІМ-нің ведмостволық жоғары оқу орындарының курсанттары енсе, екінші топта ҚР ІІМ оқу орталықтарының курсанттары сынға түсті. Әр салмақ бойынша жан алысып, жан беріскен спорт саңлақтары боз кілем үстінде атой салып, жанкүйерлердің делебесін қоздырып, әдемі әдіс-тәсілдерімен көрермендердің көз айымына айналды. Әсіресе, 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Астана қаласы оқу орталығының балуаны Архат Байдарбековтың жауынгерлік самбодан ешбір қарсыласына дес бермеген шебер ойын өрнегі жиналған көпшілікті қатты таң қалдырды. Төрешілерден әділ бағасын алған ол еш кедергісіз барлық сыннан сүрінбей өтіп, өз саламығында жеңімпаз атанды. 04_02_5Архаттан басқа да спортшылар өте тамаша өнер көрсете білді. Осы ретте Қостанай академиясының атынан шыққан, 90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі бірінші курс курсанты Жан Сәбитті де ерекше атап өтуге болады. Өйткені, қарсыласының әдісіне қарсы өз әдісін қолдана білген ол өзге балуандардың жауырынын жер иіскетіп, тартысты тамашалап отырған Академия басшылары мен төрдегі құрметті қонақтарды ризашылығына бөленді. Боз кілемнің сайыпқыранына айналған Жан бауырымыз жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді. Дегенмен, жарыста өздерін сылбыр ұстап, көрерменге қызық сыйлай алмаған балуандар да кездесіп жатты.

Осындай кезде, «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жүректі, өршіл, намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» деген қанатты сөздер еріксіз ойға оралып, кеудемізде намыс оты лаулап тұрды.

Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, осы доданың жақсы өтуіне ат салысқан Академия бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов Қазақстан Республикасы ІІМ, полиция генерал-полковнигі, «Динамо» ДШСҚ Орталық кеңесінің төрағасы Қ. Қасымовтың «Динамолық» қозғалысты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, республикалық жарыстың өтуіне маңдай терін төккен академияның қос қызметкері – полиция подполковнигі Бағдат Өтенов пен полиция подполковнигі Руслан Таңқыбаевқа «Динамо» ДШСҚ ҚБ-нің «Самбо күресін дамытуға қосқан үлесі үшін» грамотасы табысталды. Ал, жарыс соңында жеңімпаздарға естелік кубоктар беріліп, марапаттау громаталары табысталды.

04_02_8Жалпы есеп бойынша бойынша жоғары оқу орындары арасында Қостанай академиясы бірінші орын, Алматы академиясы екінші орын иеленсе, үшінші орынды Қарағанды академиясы мен ҚР Ұлттық Ұланы өзара бөлісті. Ал, ІІМ оқу орталықтары арасында бірінші орынды Астана қаласының оқу орталығы, екінші орынды Шымкент қаласындағы Б. Момышұлы атындағы оқу орталығы алса, үшінші орынды Теміртау оқу орталығы мен Ақтөбе Институтының балуандары місе тұтты. Жекелей сындағы балуандардың нәтижесіне тоқталсақ, мына палуандар жүлделі бірінші орыннан көрінді: спорттық самбо бойынша алтыннан алқа тағынғандар – Альфия Қабдел (52 келі, қыздар арасында), Ян Лозинский (57 келі), Ерік Берік (62 келі), Буняд Негматов (68 келі), Исмоил Боев (74 келі), Дархан Дәулет (82 келі), Шыңғыс Ақжолов (90 келі) және Жан Сәбит (90 келіден жоғары). Жауынгерлік самбодан жеңімпаз атанғандар: Орынбек Нөгербеков (62 кел), Еркебұлан Өндірбай (68 келі) және Рүстем Ермекұлы (74 келі).

Осылайша бір күнге созылған жарыс өз мәресіне жетіп, жарыс жеңімпаздары абыроймен елдеріне қайтты. Академия басшылығы алдағы уақытта өзге де спорт түрлерінен жарыстар өткізуді жоспарлап отыр. Жоғарыда тілге тиек еткеніміздей, біздің Академия қабырғасында спортқа жете көңіл бөлініп, курсанттарымыз түрлі додалардан жүлдемен оралып жүр. Мұның барлығы басшылықтың спортты негізгі бағдар еткен талап-мақсатының арқасында орындалып жатқан жағдайлар. Сондықтан спортты серік еткен жандардың қатары көп болып, халқымыз салауатты өмір салтын толықтай ұстанса екен дейміз.