Іріктеу турнирі

Қаңтар айының 25-26 жұлдызында  Қостанай қаласында ҚР  ІІМ академиясының спорт   кешенінде “Динамо”  ДШСҚ облыстық кеңесінің қамқорлығымен ересек адамдар мен балалар арасында қоян-қолтық ұрысынан қалалық іріктеу турнирі өтті.

Жарыстың негізгі мақсаты наурыз айында Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан  Республикасының чемпионатына қатысатын спортшыларды іріктеу. Алдағы сайыстың аса маңыздылығын ескере отырып, осы спорттың түріне байланысты Қостанай федерациясының басшылығы  Қостанай облысының құрама командасының жоғары деңгейде дайындалуы үшін  арнайы дайындық жарыстарын өткіземіз деп шешті.

Аталған жарысқа  облыстық орталықтан, сонымен қоса тағы біздің облысымыздың барлық қалаларынан  және басқа да күштік құрылымдардан  алпыстан аса  спортшы қатысты.

Жарыстың нәтижесіне тоқталсақ, өздерінің жасы мен салмақ дәрежесіне байланысты чемпион деген атаққа келесідей адамдар ие болды:

Жас балалар:

55кг. Малых Виктор «Русичи»;

60 кг. Манечкин Марат,  Лисаковск қ;

65кг. Акимов Филипп, Аралас жекпе-жек күресінің Федерациясы (ФСЕ);

70кг. Сардарбек Нұрбол, Арқалық қ.,

75кг. Арцыбасов Андрей, «Русичи»;IMG_3855

75 кг аса. Шуба Григорий, ФСЕ.

Ересектер:

60 кг. Маханов Нұрсұлтан, ІІМ Академиясы;

65кг. Акимов Филипп, ФСЕ;

70 кг. Карбивнычий Сергей, «Русичи»;

75 кг. Ғаббас Қасиет, ІІМ Академиясы;

80 кг. Юсупов Эдуард, ФСЕ;

85кг. Сұлтан Бекжан, ІІМ Академиясы;;

85 кг аса. Абдрахманов Айдын, ІІМ Академиясы;

Ең жақсы техникалары үшін мақтау қағаздар мен сыйлақтарымен Арқалық қаласының спортшылары: спорт шеберлігінің кандидаты Сардарбек Нұрбол және  “Русичи”  бөлімінің (секция) әскерлік федерациясының жекпе-жек күресінің  өкілі  Карбивнычий Сергей.

Жарыстың ең үздік спортшы атағына екі жас аралығындағы чемпион аралас жекпе-жек күрес федерациясының тәрбиеленушісі Акимов Филипп (Алиев Рауф жаттықтырушы) лайық деп танылды.

Соған қоса осы жарысты өткізуге қаржылық қолдауын Қостанай қаласы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімі көрсетті.

 

ҚР ІІМ Қостанай академиясының әскери және дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы

Полиция капитаны Еременко А.С.

 С. Камаловтың  суреті

IMG_3853 IMG_3777 IMG_3775 IMG_3756

Жаңа
Серіктестер
Видео