Иван Дычко қола жүлдені місе тұтты

C67I94022016 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан жартылай финалда жұдырықтасқан Иван Дычко Ұлыбритания боксшысы Джозеф Джойсқа есе жіберді.
Ол бірінші раундта шаршы алаңда өзін еркін сезініп, ширақтық танытты. Нәтижесінде алғашқы раундта қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Өкінішке орай жерлесіміз қалған екі раундта қорғана жүріп ұрыс салып, шаршағанын анық байқатты. Сондықтан да төрешілердің шешімімен Джозеф Джойс Дычкодан басым түсіп, финалға жолдама алды. Ал қазақ боксшысы жартылай финалда қарсыласына жол беріп, қола жүлдені місе тұтты. Ол осыған дейін Лондон олимпиадасында да жартылай финалда қарсыласына жол беріп, қола жүлдегер атанған болатын.C67I9377
Естеріңізге сала кетейік, Иван Дычко ширек финалда нигериялық Эфе Аджагбаны ұтып, жартылай финалға жолдама алған болатын. Оның алдындағы алғашқы жекпе-жегінде басты қарсыласы әзербайжандық Могамедрасул Меджидовті екінші раундта техникалық нокаундпен ұтып, ширек финалға шыққан еді.
Сонымен мырзағали Айтжановтың шәкірттері үшін Рио Олимпиадасы аяқталды. Біздің құрамада Данияр Елеусінов 69 келіде алтын алса, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов пен 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Василий Левит күміс еншілеген еді.

C67I9311