Главная » БАҚ біз жайлы » Кувейтте Оқ атудан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды

Кувейтте Оқ атудан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды

Кувейтте Оқ атудан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Оқ атудан Кувейтте өткен халықаралық турнирде МВ-9 жаттығуы бойынша 596 ұпаймен Александра Малиновская және пневматикалық тапаншадан оқ атуда Рашид Юнусметов чемпион атанды. Тағы бір жаттығу бойынша Александра Малиновская мен Александр Ермаков күміс медальді иеленсе, Зәуреш Байбосынова мен Владимир Исаченко қоладан алқа тақты.

Ақпан айының 28 мен наурыздың 10 аралығында өткен бұл байрақты бәсекеде 39 елдің спортшылары бақ сынады. Біздің елден құралайды көзге атқан 14 спортшы мен 4 бапкер аттанған болатын. Айта кету керек, жалпы жеңіс тұғырынан көрінген спортшылардың барлығы – динамолықтар.

«Динамо» командасының аға жаттықтырушысы Константин Малиновский спортшыларымыздың өнеріне жоғары баға берді.

«Өткен жылы бұл турнир бірінші рет өткенде біздің спортшылар 4 медальмен оралған еді. Ал, биылғы жарыста спортшыларымыз жақсы нәтижеге қол жеткізіп, бір қадам алға жылжыды. Жалпы спортшыларымыз ауа райының қолайсыздығына қарамастан ел намысын абыройлы қорғап шықты. Өйткені күн салқын әрі жел соғып тұрды. Бізде табиғат астында ату алаңдары жоқтығын ескергеніміз жөн», — дейді аға жаттықтырушы.

Әділет Мұсахаев, 15 наурыз 2013, BNews.kz

x

Check Also

Динамолықтардың жеңісі

Алатаудың баурайында тұңғыш рет бокстан әлем чемпионаты өтіп, күллі бокс сүйер қауымның назарын елімізге аудартқаны ...