Ұлттық ұландағы біріншілік

a4eb6694-93ad-48d7-9310-f55a5db6f968-kopiyaӨскеменде қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның біріншілігі өтті. Оған келген қатысшуыларға қойылған өте қатты болды. Шеберлігі шыңдалған әр спортшы пневматикалық қарудан 5 нысананы дәл көздеп, 20 рет кермеге тартылып және 10 шақырымға шаңғымен жүгіруі тиіс еді.

Қысқы Президенттік көпсайыстың сарбаздарға берері мол. Ептілігі мен дәлдігі қабысқан қабысқан оларды алда халықаралық жарыстар күтіп тұр. Тіпті, әдетте бұл сайыстың чемпиондары Қазақстан құрамасының сапына алынып жатады. Ал Ұлттық ұланның қатарындағы сарбаздар әрқашан мықты, төзімді әрі мерген болуы қажет. Осы тұрғыда өз ойымен бөліскен ҚР Ұлттық ұланның дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы, полковник Жанболат Ахметов: «Бұл біріншіліктың басты мақсаты – алдағы дәргейі жоғары жарыстарға қатысу үшін біздің әскери құраманың командасын жасақтау. Сондай-ақ, жұртшылықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, қызметтік-жауынгерлік тапсырмалар кезінде ауадай қажет әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау біздің басты парызымыз болып саналмақ», — деп атап өтті. Сонымен қатар ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік img-20170316-wa0032қолбасшылығының бөлім бастығы, майор Ерлан Бәйімбетов: «Өздерің жақсы түсінесіздер, әскерилер кез келген сәтте атысқа дайын тұруы шарт. Және де шаңғымен 10 шақырымға жүгіру де дене дайындығын шыңдау үшін маңызды рөл атқарады. Бір сөзбен айтқанда, әскери адам жақсы жүгіріп қана қоймай, қысқы спорт түрлерінің барлығын меңгеруі керек», — деп, қысқы спорт түрлерінің 3cfef813-3c1a-4d14-a19d-de57d9d6b044-kopiyaжауынгерлік қызметте маңызы зор екеніне тоқталды.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық ұланның Әскери институты жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлады. ҚР Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командасы екінші орынға тұрақтаса, ҚР Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының спортшылары үздік үштіктен көрінді. Ал «Батыс» өңірлік қолбасшылығы төртінші орын, 55763 әскери бөлімі бесінші орын иеленсе, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 6 орынды қанағат тұтты.