Главная » Жаңалықтар » Президенттік көпсайыс мәресіне жетті

Президенттік көпсайыс мәресіне жетті

2Өскемен қаласында Президенттік көпсайыстан «Динамо» ДШСҚ ОК-нің ІІІ жазғы салалық спартакиадасы мен ҚР ІІМ-нің чемпионаты болып өтті. Оған құқық қорғау органдарының, арнайы және күштік құрылымдардың қызметкерлері қатысты.
Сайыстың ашылу салтанаты қаладағы жақында ғана ашылған Жекпе-жек сарайында жүрді. Онда үрмелі аспаптар оркестрі құйқылжыта әуен ойнап, салтанатты шеру болды. Оған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев, Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов, облыстық ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Рашид Жүсіпов пен ҚР ІІМ ҰГ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы Бауыржан Әбжанов қатысып, өз қызметкерлерінің өнерін тамашалады. Олардың ортасында сөз алған «Динамо» ДШСҚ ОК төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов: «Динамо» ОК төралқасы мен жарысқа қатысушылардың атынан Шығыс Қазақстан облысындағы атқарушы органдарға, сондай-ақ, облыстық ІІД-не алғыс айтамыз. Сіздер осындай байрақты бәсекені қаладағы ең керемет спорт сарайында өткізуге мүмкіндік туғызып отырсыздар. Бұл спорт кешенінде чемпионатымызды өз дәрежесінде өткізу үшін барлық жағдай жасалған» деп, ерекше атап өтті.1 4
«Динамо» ДШСҚ ОК ІІІ жазғы салалық спартакиадасына ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК шекара қызметі, ҚР ІІМ ТЖК, ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы, Қаржы полициясы, Кедендік бақылау комитеті мен ҚР ІІМ МКҚБ командалары қатысса, ҚР ІІМ-нің чемпионатында 14 команда бақ сынады. Айта кетейік, президенттік көпсайыс өте күрделі қызметтік-қолданбалы спорт түрі болып табылады. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне орай 4 топқа бөлінді. Олар жауынгерлік қарудан оқ ату, еркін әдіспен жүзу, бір орыннан ұзындыққа секіру, гранат лақтыру және қысқа әрі ұзақ қашықтыққа жүгіруден сынға түсті. Спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды бөлісті. Осы ретте 5спортшылардың көрсеткішіне риза болған «Динамо» ДШСҚ ОК спорт басқармасының бастығы Николай Князов: «Президенттік көпсайыс бойынша сегіз жылда бірінші рет жарыс өткізіп отырмыз. Алдағы уақытта бағдарламаны кеңейтіп, авто жане мотоспорт түрлерін де қоспақшымыз» деді.
Енді сопртшылардың нәтижесіне тоқталсақ: «Динамо» ДШСҚ ОК ІІІ жазғы салалық спартакиадасында ҚР ІІМ-нің командасы бірінші орын иеленді. Екінші және үшінші орындарды ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мен ҚР ҰҚК бөлісті. Ал, президенттік көпсайыстан облыстық ІІД командалары арасында жүрген ҚР ІІМ-нің чемпионатында өз топтарынан үздік шыққан Қостанай облыстық ІІД мен СҚО ІІД командалары алтыннан алқа тағынса, екінші орынға Ақмола облыстық ІІД мен БҚО ІІД ойыншылары жайғасты. Жүлделі үшінші орынға Алматы қалалық ІІД мен Маңғыстау облыстық ІІД командалары тұрақтады. Жеңімпаз командаларға кубок пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, жекелей сында өзгелерден оқ бойы озық шыққан спортшылар да назардан тыс қалмай, құрметке бөленді.3
Жарыстан кейін өзара қауқылдасып, арқа-жарқа болған спортшылар сайысты жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін облыстық ІІД мен «Динамо» ДШСҚ облыстық филиалына алғыстарын айтты.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі

x

Check Also

Атыраудағы спорт додасы

Наурыз айының соңғы күні Атырау қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қазақ күресі (түйе палуан) ...