Самбо сайысы

img_0111Наурыздың 6-сы күні «Динамо» ДШСҚ Алматы облыстық филиалы мен Алматы облысы МКҚБ бірлесе отырып самбодан Алматы облысы МКҚБ бөлімшелерінің жеке құрамының арасында жарыс өткізді. Аталмыш шара Алматы облысы ІІД бөлімшелерінің жеке құрамының арасында полиция капитаны, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Е. Б.Ахметовты еске алуға арналатын дәстүрлі турнирге команда жинақтау мақсатында ұйымдастырылды. img_0135

Облыстық ІІД спорт кешенінің әмбебап жекпе-жек залында өткен жарысқа Алматы облысы МКҚБ-ның үш командасы қатысты. Олар: 1 батальон (Талдықорған қаласы), 2 батальон (Текелі қаласы) және 3 батальон (Шелек ауылы). Сайысқа келген балуандар 6 салмақ дәржесінде img_0185белдесті (62, 68, 74, 82, 90 және 90 келіден жоғары). Халықаралық ереже бойынша жүрген турнирде 62 келі салмақта полиция сержанты Ж. Шәкенов жеңімпаз атанса, 68 келіде полиция сержанты Ж. Жұматайдың мерейі үстем шықты. Өзге салмақтағы балуандарға тоқалсақ, 74 келіде полиция сержанты Д. Ғабиденұлы, 82 келіде полиция сержанты  А. Жайнабеков, 90 келіде полиция старшинасы А. Әжібеков үздік деп танылды. Ал 90 келіден жоғары салмақта полиция лейтенанты Ж. Сансызбаевқа тең келер ешкім табылмады.

img_0207