Главная » БАҚ біз жайлы » Семсерлесу – сыйластыққа жетелейтін спорт түрі

Семсерлесу – сыйластыққа жетелейтін спорт түрі

Наурыздың 1-2 аралығында Алматы қаласында жасөспірімдер арасында семсерлесуден «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы» Орталық кеңесінің ашық біріншілігі өтті. Еліміздің Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Шымкент, Астана, Алматы, Петропавл қалалары және Алматы облысынан келген 1998-2002 жыл аралығындағы 30-дан аса спортшы  сайыстың осы бір ерекше түрі бойынша бақ сынасып, халыққа жаңа өнерлерін паш етті.

Жаттықтырушы Эльдар Әлімжановтың айтуынша, бұл спортшылар бұрын-соңды мұндай үлен жарыстарға қатысып көрмеген екен.

Біріншіліктің басты мақсаты – спортшылардың семсерлесу алаңындағы шеберлігін арттырып, өздерін нағыз семсер иесі екендіктерін сезіндіре түсу.

Э.Әлімжанов елімізде жастардың семсерлесуге деген құштарлығы орасан екендігін айтып өтті. «Ресейде және тағы басқа елдерде жаттықтырушылар бұл спорт түріне спортшыларды таңдағанда бірден семсерді ұстатып, ұрыс алаңына жібереді де кімнің ыңғайы бар, соны таңдап алады. Ал өзін көрсете алмағандармен хош айтысады. Бұл болашақта кімнің қандай нәтиже беретінін айқындаудағы оңай жол. Біз өйте алмаймыз, біздің үйірмемізге келгендердің барлығы  спорттың осы түрімен жақын танысып, жақсы көріп кетуі үшін көп жұмыс жасаймыз. Таңнан-кешке дейін қолына семсер ұстаудан жас спортшылар мезі болып кетеді. Сондықтан оларды жүгіртіп, суда жүздірітіп және тағы басқа түрлі спорттық жаттығулар жасатып тұрамыз», – дейді жаттықтырушы.

Қазақстанда кенже қалған спроттың бұл түрінің жастарға берері көп. Біріншіден, олар бір-біріне сыйластықпен қарауды үйренсе, екіншіден жекпе-жек тәрбиемен ұштасып жатыр. Өйткені семсерлесіп жатқан спортшының бірінің семсері түсіп кетсе немесе тағы басқа жағдай орын алса, ұрыс тоқтатылады. Бұның бәрі ойынның әділ өтуі үшін жасалады екен.

Сонымен екі күнге созылған біріншіліктің қорытындысына көз жүгіртсек, қыздар арасында өткен сында шығысқазақстандық Владислава Андреева бірінші орынды жеңіп алды. Елизавета Ахметова екінші, Мария Вямина және Вероника Земляникина үшінші орынға ие болды. Ер балалар арасындағы сында да шығысқазақстандық жастар алдыңғы орындардан көрінді. Илья Смолинский, Никита Безвершенко және Даян Жақыпов өзара орындарды бөлісті.

kalaisyn.kz

x

Check Also

Динамолықтардың жеңісі

Алатаудың баурайында тұңғыш рет бокстан әлем чемпионаты өтіп, күллі бокс сүйер қауымның назарын елімізге аудартқаны ...