Төртінші орынға табан тіредік

CA1I7383(1)2016 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан еліміздің ерлер құрамасы бір алтын, екі күміс және бір қола медаль еншіледі. Олимп төрінде он салмақ дәрежесінде 40 медаль (10 алтын, 10 күміс және 20 қола) жиынтығы сарапқа салынған шаршы алаң бәсекесінде динамолық боксшылар төрт медаль олжалап, жалпы командалық есеп бойынша төртінші орынға табан тіреді.

CA1I7408(1)Мырзағали Айтжанов шәкірттері арасынан Данияр Елеусінов алтын медаль алса, Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов күміс, ал Иван Дычко қола медаль иеленді.  Енді боксшыларымыздың жеңіс жолындағы ерліктерін кезегімен айтар болсақ, төрешілердің қараулығынан күміс медаль алып қалған Василий Левиттің финалдық кездесуі жанкүйерлердің қатты ашу-ызасын келтірді. Тіпті, кейбір ресейлік жанкүйерлер мен спорт  мамандары, керек десеңіз, әлемдік беделді БАҚ өкілдері Евгений Тищенко мен BOXL9821Василий Левиттің кездесуінде жерлесіміздің жеңіске жеткенін айтып, жарыса жазып жатты. Бірақ, төрешілердің жеңісті ресейлік былғары қолғап шеберіне беріп жібергенін бәріміз білеміз. Финалға дейін барлық қарсыласын бет қаратпай ұтқан боксшымыз алдымен  қытайлық Юй Фенкайды нокдаунға жіберіп, үшінші раундта техникалық3 нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Ширек финалда Кеннеди Сен Пьерді айқын басымдықпен жеңсе, жартылай финалда кубалық Эрисланди Савонды қапы қалдырды. Өкінішке орай, алтынға лайықты финалдық жұдырықтасуда жерлесімізге күміс медаль бұйырды. Ал финалға дейін жеткен 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов ақтық сында кубалық Хулио Сезар Ла Крузға есе жіберіп алды. 1Осылайша Ниязымбетов екінші рет Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Естеріңізге салсақ, бұған дейін 51 келі салмақтағы даңқты боксы Атланта және Сидней Олимпиадасының финалында өнер көрсетіп, күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын. Ал Лондон Олимпиадасының қола медаль иегері, ауыр салмақтағы Иван Дычко осы жолы да қола медаль иеленді. Жартылай финалдық 2кездесуде ол ирландиялық Джозеф Джойсқа 2:1 есебімен есе жіберіп, жеңіс қолымыздан сусып шығып кете барды.

Осылайша бокстан еліміздің ұлттық құрамасы командалық есепте Өзбекстан, Куба және Франция боксшыларын алға жіберіп, төртінші орынға жайғасты. Өзбек спортшылары 3 алтын, 2 күміс, 2 қола еншілесе, кубалықтар 3 алтын және 3 қола медаль алды. Ал 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль алған француз боксшылары алғашқы үштікті түйіндеді.