Талабы таудай өрендер

Талабы таудай өрендерАстана қаласында ақпан айының 28-і мен наурыздың 7-сі аралығында оқ ату спортынан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы ҚР чемпионаты өтті.  Оған 1998 жылы  және одан кейін дүниеге келген жас спортшылар қатысып, бақ сынады. Мұндай Астана қаласында ақпан айының 28-і мен наурыздың 7-сі аралығында оқ ату спортынан жасөспірімдердәрежесі биік жарыс Астана қаласындағы жаңа атыс тирінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Сайыстың алғашқы күнінде 10 метр қашықтыққа пневматикалық тапаншадан оқ атудан сынға түскендер арасында екі бірдей динамолық спортшы алғашқы орындардан көрінді. Жекелей сында Ольга Аксенова (Қарағанды қаласы) бірінші, Светлана Вотчал (Астана қаласы) екінСайыстың алғашқы күнінде 10 метр қашықтыққа пневматикалық тапаншадан оқ атудан сынға түскендер арасында екі бірдей динамолық спортшы алғашқы ші орын иеленді. Жасөспірімдер арасында пневматикалық тапаншадан бақ сынаған динамолық Ролан Юнусметов (ОҚО) екінші орын алды. Ал пневматикалық винтовка дәрежесінде динамолық Денис Хорольский (ОҚО) ешкімге дес бермеді. Осы дәреже бойынша 10 метр қашықтыққа оқ атудан қыздар арасындағы бәсекеде Алтынай Айылшиева, Жансұлу Айтеева, Томирис Байтенова мен Екатерина Андрееваладың бағы жанды. Бұлардың барлығы динамолық спортшылар екенін естеріңізге саламыз. Сондай-ақ, кіші калибрлі винтовкадан 50 метр қашықтыққа жатып ату сынында командалық есеп бойынша Денси Хорольский (Динамо) бірінші, Константин Малиновский  (Динамо) екінші және Алексей Гниденко үшінші орын алды. Ал қыздар ортасында Екатерина Андреева бірінші, Жансұлу Айтеева, Томирис Байтенова және Алтынай Айылшиева үшінші орынға тұрақтады.