Главная » Жаңалықтар » Таланттарға бай өлке

Таланттарға бай өлке

Қазақстанның  барша өңірі таланттарға кенде емес. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан аймағы да ауыз толтырып айтарлықтай талантты жандарға бай.

Қалыптасу кезеңі

Бабенко ДЕліміздің өзге өңірлеріне қарағанда Петропавлда «Динамо» қоғамы ерте құрылды. Ол  1925 жылы құрылған болатын. Ол уақытта ең қажетті спорт түрлері: атуға үйрету, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, гимнастика ауыр көтеру. Әрине нәтижеге жету үшін спорт кешені қажет болды. Басында тир дүниеге келді. Одан соң 25 желтоқсанда 1925 жылы қаламызда Республикадағы мұз сырғанағы салынды.Ал 1926 жылы  – тұңғыш стадион ашылды. Осы сәттен бастап еліміздегі «Динамоның» даңқы аспандай түседі.

1931–1934 жылдары өзге спорт кешендері салына бастағанда динамолықтар өзгелерге үлгі көрсетіп тәжірибесімен бөлісе алатындай жағдайға жетті. Ол жылдары тек қана еліміздің ғана емес бүкіл Кеңес одағына осы аймақтың динамосының даңқы аспандап тұратын. Конкиші Татьяна Савельева мен  Иван Красныйға тең келетін ешкім жоқ еді. Республике  бойынша ең жүйрік желаяқ  Александр Дрозд атанған жылдар да динамолықтардың жадында қалды. В футбол мен  хоккей саласында да  динамолықтар жақсы нәтиже көрсете бастады. Михаил Шевелев, Михаил Базилевский, Валерий Афониндер  шаңғы тебуден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары атанды. Соғысқа дейін қысқа қашықтықта  Иван Колесников ел аузында жүретін, бірақ сұм соғыс спорт саңлағымызды жалмап кетті. Біздіңше казақ спорт саласында мықты спортшылар шығар еді. Алайда соғыс деген ұғым адам таңдамайды екен.

Жаңа кезең

 Петропавл өңірінің спорттық дамуына елунші жылдардан соң қанат бітті. Ол кезде еліміз тың жерді игеру саясатына көшіп кеткен. Мықты спорттық базамен  көп спортшыларды дайындау нәтижесінде  1961 жылы алғаш рет Краев спартакиадасында жеңіске жеттік. Петр Марков  конькишілер арасында Кеңес одағы бойынша чемпион болып қана қоймады, Қазақстан бойынша хоккей мен футболдан чемпион атанды. Демек спорттың дамуына азаматтар жан жақты үлес қосқандығыг айқындайды.  Ондай мысалдарды көптеп кездестіруге болады.  Николай Никитенков  хоккей мен футболдан Қазақстан чемпины, Нина Королькова, Алшин Сманов, Геннадий Чукуев , Виктор Торбеев, Сергей Свитов, Николай Гребенщиков, Абатуров, Зоя  Мендыбаева, Александр Верчак, Зоя Богданова, Юрий Трошин, Иван Король, Зоя Абатурова,  Михаил Гумаров,  Юрий Бутылкин, Юрий Карташов, Александр және Евгений Хижняк,  Вячеслава Балунд пен  Василия Жекановтар. Бұлардың барлығы «Динамоның» дамуына үлес қосқандар.

  Спорттағы ерлік

олимпийский чемпион Винокуров и начальник ДВД СКО УрумхановСпорт адам талғамайды. Тіпті мүмкіндігі шетеулі жандарға да спортта жетістікке жетуге болады.

Шәміл Шақшақбаев -батыл адам. Ол өміріндегі бақытсыздыққа қарамай мақсатқа қарай ұмтыла білген жан. Шәміл  Таупықұлы  мүмкіндігі шектелген жағдайда да спорттан қол үзбей, кемтар адамдарға арналған спорт шараларына қатысып жүр.  Сонымен қатар өзінің ұрпағын да спортты сүюге үйреткен. Петре Алексеевич Чугуновты біз Вадиді айта қалған жағдайда үнемі еске аламыз. Сондықтан болар оның ұлы Вадим әлемдік дәрежеде спорттан рекорд көрсете білді.

 Біздің қуат бірлікте

Бүгінгі таңда «Динамоның » мақсаты кеңейе түскен. Күш құрамдарымен бірігіп, біз еліміздің  үнемі қозғалыста болуын қалаймыз. Күнтізбелі жоспар бойыгша Күш құрамдары қызметкерлерінің  спорттық шаралары өткізіліп тұрады. Динамода балалар спортына да баса назар аударылған. Әрине бұдан болашақ спортшыларымыздың мүмкіндігін бағдарлай аламыз. Біздің ел таланттарға ешқашан кенде болмаған және спортты сүйетін болашақ өсіп келе жатқанына да сенуімізге болады.

турашев таев орумбаев 1989 г таев

x

Check Also

Атыраудағы спорт додасы

Наурыз айының соңғы күні Атырау қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қазақ күресі (түйе палуан) ...