Тарихи жетістік

450_57a1d43a83ff4ХХІ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрама командасы өз тарихында медальдар саны жағынан алғаш рет зор көрсеткішке қол ежткізіп, 17 медал еншіледі. Оның 3-і алтын, 5-і күміс және 9-ы қола медаль. Ал оның 16 медальін «Динамо» спорт қоғамының спортшылары иеленді.

Осылайша қазақ спортшылары жалпы командалық есеп бойынша 22ші орынға тұрақтады. Рио-де-Жанейро Олимпиадасында алтын медаль олжалағандар – ауыр атлетикадан Нижат Рахимов, жүзуден Дмитрий Баландин және бокстан Данияр Елеусінов. Сонымен қатар, Елдос Сметов (дзюдо), Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика), Василий Левит (бокс), Әділбек Ниязымбетов (бокс) пен Гюзель Манюрова (әйелдер күресі) күмістен алқа тағынды. Қола медаль иеленген спортшылар: Отгонцецег Галбадрах (дзюдо), Фархад Харки (ауыр атлетика), Карина гОричева (ауыр атлетика), Александр Зайчиков (ауыр атлетика), Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі), Екатерина Ларионова (әйелдер күресі), Иван Дычко (бокс) және Дариға Шәкімова (бокс). Сондай-ақ, ЦСКА өкілі, жеңіл атлет Ольга Рыпакова да қола медальді қанағат тұтты.