Түркия турнирінен үміт күтеміз

Сәуір айының 22-24 күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі өткен болатын.  Бұл жолы ел балуандары жолдамаға қол жеткізе алмады.  Қазіргі таңда Қазақстан балуандары күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына қажетті 18 жолдаманың 12-сін иеленіп үлгерді. Оның ішінде 11-і динамолық балуандар. Мәселен, грек-рим күресінен 130 келі салмақта екі дүркін Азия ойындарының чемпионы Нұрмахан Тінәлиев Астанадағы іріктеуде барлық қарсыластарын жеңіп, олимпиада жолдамасын иелен еді. Оның алдында, нақтырақ айтсақ өткен жылы Лас-Вегаста жалауын көтерген әлем чемпионатында қола медаль олжалаған Алмат Кебісбаев (59 келі) пен Досжан Қартыковтың (75 келі) еншісініде лицензия бар. Ал еркін күрестен Артас Сана (57 келі) былтырғы әлем чемпионатында жолдама иеленсе, Астана төріндегі сайыста Аслан Кахидзе (86 келі), Мамед Ибрагимов (97 келі) және Дәулет Шабанбай (125 келі) лицензия иеленді. Ал қыздар арасында жолдама иеленгендер: Жұлдыз Ешімова (48 келі), Екатерина Ларионова (63 келі), Эльмира Сыздықова (69 келі) және Гюзаль Манюрова (75 келі).   Енді күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына ең соңғы іріктеу турнирі 6-8 мамыр күндері Стамбұл қаласында өтеді. Балуандарымыз Моңғолия жерінде кеткен есемізді қайтарып, қажетті лицензияны иеленеді деген сенімдеміз.   Сәуір айының 22-24 күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі өткен болатын.  Бұл жолы ел балуандары жолдамаға қол жеткізе алмады.

Қазіргі таңда Қазақстан балуандары күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына қажетті 18 жолдаманың 12-сін иеленіп үлгерді. Оның ішінде 11-і динамолық балуандар. Мәселен, грек-рим күресінен 130 келі салмақта екі дүркін Азия ойындарының чемпионы Нұрмахан Тінәлиев Астанадағы іріктеуде барлық қарсыластарын жеңіп, олимпиада жолдамасын иелен еді. Оның алдында, нақтырақ айтсақ өткен жылы Лас-Вегаста жалауын көтерген әлем чемпионатында қола медаль олжалаған Алмат Кебісбаев (59London Olympics Wrestling Women келі) пен Досжан Қартыковтың (75 келі) еншісініде лицензия бар. Ал еркін күрестен Артас Сана (57 келі) былтырғы әлем чемпионатында жолдама иеленсе, Астана төріндегі сайыста Аслан Кахидзе (86 келі), Мамед Ибрагимов (97 келі) және Дәулет Шабанбай (125 келі) лицензия иеленді. Ал қыздар арасында жолдама иеленгендер: Жұлдыз Ешімова (48 келі), Екатерина Ларионова (63 келі), Эльмира Сыздықова (69 келі) және Гюзаль Манюрова (75 келі).

Енді күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына ең соңғы іріктеу турнирі 6-8 мамыр күндері Стамбұл қаласында өтеді. Балуандарымыз Моңғолия жерінде кеткен есемізді қайтарып, қажетті лицензияны иеленеді деген сенімдеміз.