Василий Левит Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Василий Левит Олимпиада жолдамасын жеңіп алды - Динамо         Еліміздің жойқын жұдырықты былғары қолғап шеберлері жанкүйерлерін тағы бір марқайтып тастады. Ауыр салмақта талай шаршы алаңда жасындай жарқырап жүрген динамолық Василий Левит келер жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына берілетін екінші жолдаманы жеңіп алды.

         WSB жобасы аясында ел намысын қорғап жүрген «Астана арландары» сапында жұдырықтасқан ол, соңғы «Аргентина кондорспен» өткен кездесуде жеңіске жетті. Бұл жолы жерлестеріміз қарсыласынан 4:1 есебімен басым түскен еді. Ал, шаршы алаңда Диего Бланконы техникалық нокаутпен ұтқан Василий Левит, осы маусымдағы 7-ші мәрте жеңіс биігін бағындырды. Әрі 91 келіге дейінгі боксшылар арасында көш бастап,Василий Левит Олимпиада жолдамасын жеңіп алды - Динамо Қазақстан қоржынына Олимпиада ойындарының екінші жолдамасын салып берді. Ол 7 кездесудің 4-ін елімізде өткізсе, қалған үш кездесу өзге елде жүрді. Ақжолтай хабардан кейін жанкүйерлерге өзінің әсерімен бөліскен боксшымыз: «Мен елім үшін Олимпиаданың екінші жолдамасын алып бергеніме қуаныштымын. Маусым басында-ақ біз осыған дайындалдық. Өзіме тапсырылған міндетті атқарып шықтым», — деді.

Естеріңізге салсақ, бокстан Олимпиада ойындарына берілген алғашқы жолдаманы динамолық Берік Әбдірахманов алып берген болатын. Ол бұған дейін АИБА-ның тағы бір жобасы APB сынында жеңіске жетті.