Харлампиев турнирінің жүлдегері

harlampiev-turniri-zko-sambo-1-660x330Батысқазақстандық полиция қызметкері самбо күресі бойынша «А. Харлампиев Мемориалы» әлем кубогінің жүлдегері атанды.

Мәскеу қаласында әскери самбодан және самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында «А. Харлампиев Мемориалы» бойынша әлем кубогі өтті. Аталған халықаралық турнир самбо күресінің негізін қалаушы Анатолий Аркадьевич Харлампиевтің (1906-1979) құрметіне орай Мәскеу қаласында жыл сайын өткізіліп тұрады. Жарысқа әлемнің 29 елінен ең үздік 200-ге жуық самбошы қатысқан.

Аталған додаға Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкері Миржан Бақтыбаев 82 келі салмақ дәрежесінде қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды. Қазақстанның намысын қорғап жүрген жеңімпаз жауынгерімізді жеңісімен құттықтап, алдағы үлкен сындардан да сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!