Жамбылдық полицейлер үздік атанды

Самбо күресінен Қарағанды  қаласында өткен ҚР Ішкі істер министірлігінің чемпионатында өнер көрсеткен Жамбыл облысының полицейлері өздерінің мықты екенін дәлелдеді. Бұл чемпионатта Жамбыл облысы ІІД-нің командасы 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті:
— полиция аға сержанты Жансерік Тлебалдиев, Тараз қ. ІІБ Әкімшілік тәртіпте тұтқындалған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнының жүргізуші полицейі;
— полиция лейтенанты Қанат Баймбетов, ІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы;
— қатардағы полицей Ардақ Құлжанов, ІІД айдауылдау қызметті взводы арнайы тобының полицейі;
— полиция капитаны Ержан Есеев, ІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы;
— полиция аға лейтенанты Әмір Хабибуллаев, ІІД «Арлан» Арнайы мақсаттағы бөлімшесінің инспектор- шабуылшысы;
— полиция аға лейтенанты Олжас Өмірбаев, ІІД «Арлан» Арнайы мақсаттағы бөлімшесінің инспектор- шабуылшысы;
— полиция капитаны Медет Қойлыбаев, ІІД «Арлан» Арнайы мақсаттағы бөлімшесінің инспектор- шабуылшысы;
— қатардағы полицей Бегімхан Әділбеков, Мойынқұм АІІБ Әкімшілік полиция бөлімшесінің кәмелетке толмаған ісі жөніндегі участкелік полиция инспекторы.
Біріншілік барысында жақсы нәтиже көрсеткен Жамбыл облысы ІІД құрама командасы өз тобында бірінші орынға ие болды. Ал, жекелей сында полиция лейтенанты Қанат Баймбетов бірінші, қатардағы полицей Ардақ Құлжанов екінші орын иеленді.
Бұл Жамбыл облысы ІІД қызметкерлерінің самбо күресінен ҚР Ішкі істер министірлігінің чемпионаттарында қатарынан төртінші жыл жеңіске жетуі. Байрақты бәсекеде бағымыз жанып, жеңіс туын қолдан түсірмеуімізге ІІД Кадр жұмысы басқарамасы басшылығының ықпалы зор. Соның ішінде ІІД КЖБ кәсіби және психологиялық даярлықты ұйымдастыру бөлімінің бастығы, полиция майоры Ғалым Тайшапов, аталмыш бөлімнің ЕТЖ аға инспекторы Қанағат Райқұлов және Жамбыл облысы   «Динамо» ДШСҚ-ның спорт маманы Ержан Баймұратовтар ерекше еңбек сіңіріп келеді. Осы мамандар мен жеңіс жолында жігерін жанып жүрген қызметкерлерімізге сәттілік тілейміз.

Ильнур Зайнулин, полиция полковнигі
Жамбыл облысы ІІД КЖБ бастығының орынбасары