Жарайсың, Ларионова!

14079988_673557642801141_898226939160735743_nӘйелдер күресінен 63 келі салмақта белдескен 22 жастағы қазақстандық балуан, динамолық спортшы Екатерина Ларионова Рио олимпиадасында қола медаль олжалады.

Осылайша әйелдер күресінен ұлттық құраманың балуандары ерлік жасады. Себебі, Риоға төрт балуан қызымыз аттанса, оның үшеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Екатерина Ларионова бірінші айналымда Беларусь балуаны Мария Мамашуктен жеңіліп қалған. Бірақ Мамашук финалға шықаннан кейін, динамолық балуан қыз жұбаныш кездесулері арқылы қолаға таласуға мүмкіндік алды. Ол қола үшін өткен алғашқы кездесуде Хенна Йохансенді (Швеция) 4:1 есебімен, одан кейін 2012 жылғы әлем чемпионы Елена Пирожкованы (АҚШ) жауырынын жерге таза тигізіп, белдесуді уақытынан бұрын аяқтады.