Жас динамошылар жеңісі

Наурыздың 15-17 аралығында Жамбыл облысында дзюдодан 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен қыздар арасында республикалық турнир өткен болатын. Оған еліміздің 12 облысынан 300-ге жуық жас спортшылар келді.

Байрақты бәсекеде атой салып, Оңтүстік Қазақтан облысының қорғаған 4динамошылар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқара білді. Мәселен, 60 келі салмақта татамиге шыққан Нұрдәулет Ділдәбеков тартысты кездеуслердің нәтижесінде күмістен алқа тағынды. Сондай-ақ, 60 келіде белдескен тағы бір өреніміз Александр Кравель қола медаль олжалады. Ал, қыздар арасында 57 келі салмақта кездесулер өткізген Ирода Наралиева да үшінші орын иеленді. Айта кетейік, төрт рет қатарынан жеңіске жектен жүлдегерлердің барлығы дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына ұсынылады. Осы жолда динамолық тәрбиеленушілердің қоғамдық-нұсқаушысы, дзюдодан КСРО-ның спорт шебері Юрий Черепановтың еңбегі орасан зор. Сондықтан жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаз динамошыларды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!