Дене даярлығы
«Динамо» ДШ СҚ еліміздегі қауіпсіздік органдары мен құқықтық тәртіп және әскери қызметкерлердің дене тәрбиесі мен арнай спорттық даярлығын қадағалайтын негізгі база болып табылады. Динамода олар өздерінің денсаулығына мән беріп, қызметтік шеберліктерін арттырады. Ұйымдастырылған шараларға қатысып өз шеберліктерін дәлелдей алады. Осылайша құқықтық органдар да өмірін спортпен байланыстырған динамошылар болып есептеледі. ІІД мен ҚР ҰҚК сонымен қатар ҰҚК қлттық-техникалық ғылыми орталықтары, ІІМ мен ІІМ-нің ІӘ сонымен қатар, «Бүркіт» арнайы жасағы динамомен бірленсіп дене даярлығын өткізеді. Арине «Динамо» елбасымыздың «…қазақстандықдардың кем дегенде 30% спортпен шұғылануы тиіс» деген сөзін құптайды. Спортқа деген құлшыныс әрбір азаматтың бойынан табылса, біз биік белестерді бағындырамыз. Ал біздің тыныштығымыздың сақшылары, құқықтық тәртіп қызметкерлері қандай жағдайға болса да спорттық тұрғыда дайын болуы керек екені онсыз да түсінікті. «Динамоның» осыдан 90 жыл бұрын құрылу мақсаты да сол болатын!