Норвегияның Осло қаласында өткен күрес түрлерінен Әлем чемпионатында динамолық спортшы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 6636 әскери бөлімінің аға спорт нұсқаушысы, аға лейтенент Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесі бойынша қола жүлдегер атанды. Қола жүлде үшін жекпе-жекте ол түрік Мұрат Фиратпен кездесіп, оны 7: 4 есебімен жеңді.
Динамошы Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
- 12 октября, 2021
- 11:59 дп