2022 жылдың 25 наурызында «Динамо» ДШСҚ Қызылорда облысының филиалы мен Қызылорда облысының полиция Департаменті «Динамо» спорттық сауықтыру кешенінді волейбол турнирін ұйымдастырды. Турнир құқық қорғау, күштік және арнайы органдары қызметкерлерінің арасында өткізілді. Турнирге 8 команда қатысты. Оның ашылу рәсіміне полиция Департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Байгелді Б. және ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбай С. қатысып, сөз сөйледі. Жарыстың қорытындысымен 1-ші орынға полиция Департаменті, 2-ші орынға төтенше жағдайлар Департаменті және 3-ші орынға экономикалық тергеп-тексеру Департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті құрама командасы ие болды. Сонымен қатар «Үздік шабуылшы», «Үздік байланыстырушы» және «Үздік тосқауылшы» номинациясы бойынша 6 волейболшылар марапатталды.
Қызылорда облысының полиция Департаменті «Динамо» спорттық сауықтыру кешенінді волейбол турнирін ұйымдастырды.
- 28 марта, 2022
- 5:21 пп