«ДИНАМО» ДШСҚ ҚБ VII ЕСЕПТІК — САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 

«Құқық қорғау жүйесі мен «Динамо» Қоғамының тандемі —  өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын танымал етуде жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынына сенімдімін».

ҚР ІІМ министрі М.М. Ахметжанов

(2023 жылы 19 қаңтарда «Динамо» ДШСҚ ҚБ есептік-сайлау конференциясында сөйлеген сөзінен)

 

2023 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі М.М.Ахметжановтың төрағалығымен Денешынықтыру-спорттық қоғамының есептік — сайлау конференциясы өтті. Іс-шара жұмысында бейнеконференция режимінде төрағалар — облыстық Полиция департаменттерінің басшылары қатысты.

Конференцияға қатысушылар негізгі тақырыптарды талқылады, оның ішінде өткен жылды қорытындылау және 2023 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы, жаңадан құрылған облыстарда жаңа филиалдар ашу, құқық қорғау органдардың әр түрлі құрылымдары мен «Динамо» Қоғамының өзара іс-қимыл мәселелері болды.

Қазіргі заманауи қоғамның басты проблемасы есірткінің таралуы. Бүгінгі таңда нашақорлық жасаруда, осыған орай шұғыл шаралар қабылдау қажет.., —  деді министр полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов кіріспе сөзінде.  Ең алдымен, балалар жасайтын қылмыстың алдын алуға баса назар аудару. Ол үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлеу және іске асыру. Балалар секцияларының санын көбейту қажет, балалармен жұмыс жасау әдістерін жетілдіру құралдары мен жолдарды іздеуді жалғастыру. Осыған қатысты біздің қоғамдық бірлестігінің тәжірибесі оң. Бұл тандем — өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын танымал етуде құқық қорғау жүйесі және «Динамо» Қоғамы жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынына сенімдімін деп, — одан әрі министр сөзін жалғастырды.

Конференцияның салтанатты бөлімінде атақты динамошы-ардагерлеріне және олардан эстафетаны қабылдап алған динамо қозғалысының жас өкілдеріне құрмет көрсетілді. «Бүгін біздің көптеген спортшылар Қазақстан намысын қорғауда. Шетелдерде жарыстарға қатысады, оның ішінде алдағы уақытта Парижде болатын Олимпиада ойындарына лицензияларды иеленуде, — деді министр әлемдік спорт даңқына ие болған жастардың, олардың ішінде Даулет Тұрлыхановтың, Сергей Котенконың, Юрий Мельниченконың, Василий Левиттің жетістіктерін байланыстыра отырып.

Конференцияда өткен жылы жоғары нәтиже көрсеткен 80 астам динамошы-спортшылардың  еңбектері атап өтілді.

ҚР ІІМ министрі полиция департаменттерінің бастықтарына марапатталған қызметкерлерге салтанатты жағдайда құрмет көрсету жөнінде  тапсырма берді.

Сонымен қатар, ведомствоаралық «Динамо» ДШСҚ IX Спартакиадасының және ҚР ІІМ IX Спартакиадасының жеңімпаз командалары да марапатталды.

Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелердің бірі бірінші орынбасарды сайлау туралы мәселе болды. «Динамо» ДШСҚ төрағасы болып келесі мерзімге дейін Асқар Омарқұлов бірауыздан қайта сайланды.

Айта кету керек, өз сөзінде Қоғам төрағасы алда келе жатқан ұйымның мерейтойына дайындық мәселесін қозғады: «2025 жылы «Динамо»  Қазақстан қоғамына 100 жыл толады. Бізге мерейтойға дейін  бірқатар шұғыл міндеттерді шешуіміз қажет. Осындай маңызды күнді лайықты қарсы алу — біздің ортақ мақсатымыз».