Қыркүйектің 19-ы күні «Динамо» спорт қоғамының «ХХІ ғасыр ауылы» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысындағы Степное ауылында мектепке дейінгі және 9-шы сыныпқа дейінгі оқушылар арасында «Көңілді старт» эстафетасы өтті.
Аталған шараны «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамының Шығыс Қазақстандағы бөлімшесі ұйымдастырды. Бұл спорттық шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, балалардың тәртіпсіздікке баруының алдын алу. Сондай-ақ жасөспірімдерді есірткіге және басқа да тәртіпсіздікке бет бұрмауына тәрбиелеп, олар арасында спорттық дәстүрді дамыту болып табылады.
Сондай-ақ бұл спорттық сайысқа жергілікті билік өкілдері, ШҚО ІІД және спортшылар да шақырылды. Спортшылардың қатарында 2013 жылғы Өрт сөндірушілер мен сақшылардың дүниежүзілік ойындарында дзюдодан алтын алқаны жеңіп алған Елубаев Асхат та бар.
Салтанатты ашылу кезеңінен кейін жас динамолықтар қоян-қолтық ұрысы мен өзін қорғау бойынша әдіс-тәсілдер көрсетіп, өздерінің өнерлерімен бөлісті. Одан кейін балаларға арналған «Көңілді стартта» басталды. Балалар «Адал достар» және «Бәлем, тоқтай тұр» атты екі топқа бөлініп сегіз байқаудан тұратын эстафетаға қатысты. Өте тартысты өткен бұл байқауда «Бәлем, тоқтай тұр» командасы жеңіске жетті. Жеңіске жеткен команда мен спорттық сайыс барысында белсенділік танытқан балалар марпатталып, «Динамо» спорт қоғамы атынан түрлі сыйлықтар табысталды.
Мерекелік бұл іс-шараға 84 бала қатысты. Тағы бір айта кетерлігі, сайыс аяқталысымен жеткіншектердің барлығы мектептерінде қоян-қолтық ұрысынан үйірме ашса деген тілектерін білдірді.
Ұйымдастыру бөлімінің бастығы
Амельченко И.Н.