Нашақорлық – қоғамдағы індет. Есірткінің адам өмірін жалмап, тағдырын тас-талқан ететін қасірет екенін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, оған қарсы күрес жүргізу – баршамыздың міндетіміз. Соған сәйкес Жамбыл облыстық ЕБҚКБ «Біз есіртікіз өмірді қалаймыз!» атты респбуликалық шығармашылық конкурс өткізді.
Облыстық білім басқармасымен бірлесіп қолға алынған шара ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар» жоспарын орындау мақсатында жүргізілді. Облыстық білім ордаларында жүрген нашақорлықтың алдын алуға және жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық сайыста, барлық ережеге сәйкес байқау кезінде іріктеліп алынған шығармашылық жұмыстар (шығарма, өлең, эссе) мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз жүзінде және электрондық үлгіде ҚР ІІМ ЕБҚКК-ге ұсынылған. Онда «Есірткі – ел қауіпсіздігіне, әлем қауіпсіздігіне төнген қатер», «Жайбарақаттылық – нашақорлықтың одақтасы», «Денің сау болса, қандай тамаша!» және «Берік отбасы – есірткіден алыс» деген тақырыптар қамтылған.
ҚР ІІМ ЕБҚКК «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!» республикалық шығармашылық конкурсына қатысқандардың арасынан конкурс комиссиясының шығарған қорытынды шешіміне сәйкес, төмендегі көрсетілген конкурс жеңімпаздары марапатталды:
1. 11-14 жас аралығы тобында жүлделі орындарға ие болды:
— Плищенко Константин, Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылындағы Қонақова атындағы № 35 орта мектептің 8-сынып оқушысы 1-орынды иеленгені үшін 1 дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен (ноутбук);
— Соседов Николай, Жамбыл облысының Қордай ауданы Степное ауылындағы № 24 орта мектептің 7-сынып оқушысы 3-орынды иеленгені үшін 3 дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен (плеер«МП-4»);
2. 15-18 жас аралығындағы екінші топта жүлделі орынға ие болды:
— Кенжеахмет Салтанат, Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылындағы Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы 1-орынды иеленгені үшін 1 дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен (ноутбук);
3. Мазмұнды шығармашылық жұмыстары үшін Алғыс хатпен:
— Ануарбек Темірлан, Жамбыл облысының Меркі ауданы Ойтал кентіндегі № 48 орта мектебінің 9- сынып оқушысы.
«Жаста берген тәрбие – тал шыбықты игендей» деп бабаларымыз айтып өткендей, өскелең жас ұрпаққа жаман қасиеттердің не екенін ұғындырып, оның алдын алу – жарқын болашақтың кепелі.