Баскетболдан жастар құрамалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 4-ші финалдық туры аяқталды

Талдықорғанда баскетболдан  Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент жастар құрамалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 4-ші финалдық туры аяқталды, оның қорытындысы бойынша 2021 жылғы турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлері белгілі болды.
⛹ ️ ️ ️ Ерлер командалары арасында:
🥇 Бас олжаны Атырау облысының баскетболшылары үйіне алып кетті
🥈 Екінші жүлделі орынды Қарағанды облысының құрамасы алды
🥉 Үздік үштікті Маңғыстау облысының командасы түйіндеді

⭐ Үздік ойыншылар:
🔝 Выматов Павел-Нұр-Сұлтан
🔝 Исагулов Али-Павлодар облысы
🔝 Рабченюк Богдан-Атырау облысы
🔝 Шәкір Ілияс-Қарағанды облысы
🔝 Оразбеков Александр-Маңғыстау облысы
🔝 Шамұратов Мейрамбек-БҚО

⛹ ️ ️ ️ Әйелдер командалары арасында:
🥇 Чемпиондық титулды Алматы облысының командасы жеңіп алды
🥈 Екінші болып Павлодар облысының баскетболшылары мәреге жетті
🥉 Қола медаль Ақмола облысының құрамасына бұйырды

⭐ Үздік ойыншылар:
🔝 Будай Зоя-Ақмола облысы
🔝 Гузман Джорджина-Алматы облысы
🔝 Жұмақұлова Нұрайлым-Шымкент
🔝 Жақыпова Тамила-Түркістан облысы
🔝 Капитонова Валерия-Павлодар

Серіктестер
Видео
Scroll Up