Динамолық каратэші Дархан Асаділов Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне ие болды!

Токио Олимпиада бағдарламасына алғаш енгізілген спорт түрі каратэден Қазақстан намысын қорғаған алғашқы динамолық спортшы 67 келіге дейінгі салмақта Дархан Асаділов өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевпен кездесіп, тағы да 6:2 есебімен басым түсті. Үшінші кездесуде Асаділов жапониялық Наото Сагоны 3:0 есебімен жеңді. Топтағы соңғы кездесуде Дархан египеттік Әли Әл-Савимен кездесіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Дархан «В» тобының көшбасшысы, франциялық Стивен да Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Дархан каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол ел қоржынына жетінші қола медальді салды. 

.  

Серіктестер
Видео