Нұр-Сұлтанда Ішкі істер министрінің кубогіне Макаров тапаншасынан атудан чемпионат өтті

Нұр-Сұлтанда Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Ішкі істер министрінің кубогіне Макаров тапаншасынан атудан чемпионат өтті. Сайысқа еліміздің әр өңіріндегі полиция департаменттерінің намысын қорғау үшін келген командалармен қатар, басқа да күштік құрылымдардың мергендері қатысты. Турнирде Ішкі істер органдары бөлімшелері мен күштік құрылымдар арасындағы үздіктер анықталды. Сынға түскен қызметкерлер өздерінің бар шеберліктерін ортаға салды.

ІІО бөлімшелерінің қызметкерлері арасында орындар келесідей бөлінді (әйелдер):

1-орын – Айжан Әдібаева

2-орын – Эльмира Имашева

3-орын – Алена Полюхова

ІІО бөлімшелерінің қызметкерлері арасында орындар келесідей бөлінді (ерлер):

1-орын – Мақсат Сыдықов

2-орын – Қанат Сағымбаев

3-орын – Қайрат Әшімов

Жалпыкомандалық есепте:

1-орын – Алматы қаласы ПД

2-орын – Жамбыл облысы ПД

3-орын – Қарағанды облысы

ПД Күштік құрылымдардың қызметкерлері арасында орындар келесідей бөлінді (әйелдер):

1-орын – Ақтоты Боранова

2-орын – Жұлдыз Байдүкешева

3-орын – Алма Жұманғазина

Күштік құрылымдардың қызметкерлері арасында орындар келесідей бөлінді (ерлер):

1-орын – Елдос Нәсіпбаев

2-орын – Ерхан Жанпейісов

3-орын – Роман Гроскоп

Жалпыкомандалық есепте:

1-орын – ІІМ

2-орын – МКҚБ

3-орын – Ұлттық ұлан

 

 

 

 

Серіктестер
Видео