Президенттік милядан павлодарлық динамошылар жүлдегер атанды.

Павлодар қаласында Орталық стадионда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жеңіл атлетикадан ардагерлер мен жүгіруді ұнататындар арасында Президенттік милядан жарыс өтті.  Оның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберліктің жоғары деңгейін арттыру, сондай-ақ мықты спортшыларды анықтау болып табылады.
Жарысқа 17-29, 30-39, 40-49, 50-59 жас және одан жоғары жастағы әйелдер мен ерлер қатысты. Бұл жарысқа «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы өкілдері, Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері Нұрлан Сүйімбаев, Қанат Шакуов, Әсел Абдрахманова қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің динамошылар 1600 метрге жүгіруде  Әсел Абдрахманова 2-орын, ал Қанат Шакуров 2400 метрге жүгіруде 3-орын алды.

      

Серіктестер
Видео
Scroll Up